Перейти к содержимому
zhanibek.nurotan.kz

Жанибекский филиал

@zhanibek.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 18 қыркүйекКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" Жанибекского района Западно-Казахстанской области

рейтинг

251

жазбалар

824

пікірлер

0

тіркелуші

8

жазылу

1

Қоғамдық қабылдау

Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастарды жұмысқа орналастыруға жағдай жасайды. Өз кезегімізде мемлекеттік бағдарламар бойынша жастарға насихат жұмысын жүргіземіз. Бүгін орталық басшысы және “AMANAT” партиясының мәслихат депутаты ретінде жұмыссыздық мәселесі бойынша Тау ауылының тұрғынын қабылдадым. Мәселе оңтайлы шешілді.

0
0
293

"Батыс" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ляззат Садирова және аудандық мәслихат депутаты Саида Избасова "Батыс" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауы және «AMANAT» партиясының модернизациялаудағы 7 басымдылығы талқыланды. Кездесу барысында Жолдауда көтерілген мәселелер кең түрде талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

0
0
215

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауы талқыланды

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ляззат Садирова және "Оңтүстік-Шығыс" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдарбек Джуманиязовтың қатысуымен "Оңтүстік-Шығыс" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауы талқыланды. Кездесу барысында ақпараттық топ мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді, тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

0
0
202

«Қоғамдық қабылдау»

«Amanat» партиясының «Қоғамдық қабылдау» жобасы шеңберінде партияның Жәнібек аудандық филиалында Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылының тұрғыны Кәмшат Матаеваны қабылдадым. Кәмшат Матаева өз сөзінде ауылды абаттандыру бойынша жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін арнайы техника қажет ететіндігін тілге тиек етіп, осыған байланысты ауыл тұрғындарының қазу жұмыстарына экскаватор бөлу туралы аманатын жеткізді. Бұл өтініш негізінде жуық арада өз меншігімдегі экскаватор Еңбекші ауылына жолданатын болады. Есқайыр Илемесов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты «Amanat» партиясы

0
0
164

«Аумақтық даму жөніндегі» Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті.

«AMANAT» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында аудандық филиалдың жанындағы «Аумақтық даму жөніндегі» Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Мейіржан Хабидің төрағалығымен өткен отырыста аудандық экономика және қаржы бөлімінің, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының және жер қатынастар бөлімінің басшыларының есептері тыңдалды. Жауапты мемлекеттік мекемелерге кеңес отырысының қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге тиісті ұсыныстар берілді.

0
0
223

"AMANAT" партиясы фракциясының отырысы өткізілді.

Жәнібек аудандық маслихаты жанындағы "AMANAT" партиясы фракциясының отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімі, маслихат хатшысы және бөлімдер мен мекеме басшылары қатынасты. Отырыстың күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты "AMANAT" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Жәнібек ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде аудан әкімі А.С.Сафималиевтің баяндамасы, сонымен қатар "Қайтадан жасақталған партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы" және "AMANAT" партиясының Жәнібек аудандық маслихатындағы депутаттарының рейтингісі туралы" аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Б.Қ.Қуанәлиевтің хабарламасы тыңдалды. Партияның Жәнібек ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы шеңберінде ор…

0
0
200

"Кедергісіз келешек " партиялық жобасы аясында

"AMANAT" партиясы "Кедергісіз келешек " партиялық жобасы аясында Жәнібек аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан орталығындағы әлеуметтік нышандардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімдігілі туралы мониторинг жүргізді.Атап айтқанда жаңадан пайдалануға берілген Дене шынықтыру-сауықтыру кешені,Т.Жароков атындағы орта білім беретін мектеп және №1 мектеп-лицейі тексерілді.Тексерілген объектілерде қозғалысы шектелген топтарға барынша жағдай жасалған, бекітілген стандарттарға сай келмейтін объектілерге түзету жөнінде ұсыныстар жолданады.

0
0
222

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар арнайы сапармен Жақсыбай ауылында болып қайтты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар арнайы сапармен Жақсыбай ауылында болып қайтты. Сапар барысында ол ауылды аралап, бүлінген уйлерді аралап шықты. Сонымен қатар, Мәлік Иманқұлұлы М.Б.Ықсанов атындағы мектеп-балабақшаның бос ғимаратында уақытша орналастырылған тасқын судан зардап шеккен отбасы мүшелерімен кездесіп, табиғи төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша іске асырылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті. Өз кезегінде зардап шегуші отбасы мүшелері қамқорлық танытып жатқан жергілікті билікке, "АMANAT" партиясына, барлық жанашыр азаматтарға риясыз алғыстарын білдіріп, өздерінің баспаналарын қалпына келтіруге жәрдем көрсетуді сұрады. Осыған байланысты Мәлік Құлшар бұл ұсыныс-тілектер бақылауға алынатындығын және көтерілген мәселелердің оң шешілуі мүмк…

0
0
192

Өңір басшысы Жақсыбай ауылына келді

Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылына облыс әкімі Ғали Есқалиев келіп кетті. Өз сапарында облыс әкімі су кірген үйлерді аралап, балабақша ғимаратына орналастырылған жерлестеріміздің жағдайымен танысты. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді. Құжаттарды жинау, рәсімдеу тәртібін айтып, аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Жақсылық Абдоловқа тиісті тапсырмалар берді. Оқиға орын алған бойда аудан бойынша төтенше жағдай жарияланды. Дер кезінде жан-жақты көмек көрсетілді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары қиын кезде жедел көмек көрсеткен шекара қызметкерлері мен ауыл жастарына алғыс айтып, марапаттауды ұсынды.

0
0
209

Көмек көрсету шаралары

"AMANAT" партиясының жұмысын жақсарту бойынша қойылған міндеттердің бірі - бастауыш партия ұйымдарымен қарым-қатынастарды нығайту, бастауыш партия ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындардың ұсыныс-ескертпелердің, жергілікті өзекті мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасау. Осы мақсатта "AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев бекітілген кестеге сай көктемгі тасқын судан зардап шеккен Талов, Жақсыбай және Борсы ауылдарында болып, жергілікті атқарушы билік және бастауыш партия ұйымдары өкілдерімен бірге қалыптасқан ахуалмен және табиғи апат салдарын жою бойынша атқарылып жатырған жұмыстардың барысымен танысты. Қазіргі кезде бұл ауылдарда ахуал бірқалыпты. Зардап шеккен тұрғындарға азық-түлікпен, киім-кешекпен және өзге де қажетті заттармен демеу көмек ұйымдас…

0
0
220