Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өңір басшысы Жақсыбай ауылына келді

Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылына облыс әкімі Ғали Есқалиев келіп кетті. Өз сапарында облыс әкімі су кірген үйлерді аралап, балабақша ғимаратына орналастырылған жерлестеріміздің жағдайымен танысты. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, барлық сұрақтарға жауап берді. Құжаттарды жинау, рәсімдеу тәртібін айтып, аудан әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Жақсылық Абдоловқа тиісті тапсырмалар берді. Оқиға орын алған бойда аудан бойынша төтенше жағдай жарияланды. Дер кезінде жан-жақты көмек көрсетілді. Кездесу соңында ауыл тұрғындары қиын кезде жедел көмек көрсеткен шекара қызметкерлері мен ауыл жастарына алғыс айтып, марапаттауды ұсынды.

0
0
210

Осы тақырып бойынша

Өңір басшысы Жақсыбай ауылына келді - Yvision.kz