Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"AMANAT" партиясы фракциясының отырысы өткізілді.

Жәнібек аудандық маслихаты жанындағы "AMANAT" партиясы фракциясының отырысы өткізілді. Отырысқа аудан әкімі, маслихат хатшысы және бөлімдер мен мекеме басшылары қатынасты. Отырыстың күн тәртібінде "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты "AMANAT" партиясының 2021-2025 жылдарға арналған Жәнібек ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөнінде аудан әкімі А.С.Сафималиевтің баяндамасы, сонымен қатар "Қайтадан жасақталған партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің жұмысы туралы" және "AMANAT" партиясының Жәнібек аудандық маслихатындағы депутаттарының рейтингісі туралы" аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Б.Қ.Қуанәлиевтің хабарламасы тыңдалды. Партияның Жәнібек ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жол картасы шеңберінде орындалған іс-шаралар айтылып, орындалмау қаупі бар жобалар талқыланды. Фракция отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасарларына, тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына арнайы хаттамалық тапсырмалар беріліп, шешім қабылданды.

0
0
201

Осы тақырып бойынша

"AMANAT" партиясы фракциясының отырысы өткізілді. - Yvision.kz