Перейти к содержимому
zko.nurotan.kz

Филиал ЗКО

@zko.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

702

пікірлер

0

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Облыстық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі

2021 жылғы "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттарының азаматтарды қабылдау кестесі.

Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" кіруіне байланысты "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауы бейнебайланыс немесе телефон арқылы өткізілетін болады.

Облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінің мекен жайы:

БҚО, Орал қаласы, Ж. Молдағалиев көшесі, 19

Анықтама үшін телефон нөмірлері:

8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
140

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті

Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Батыс Қазақстан облысының барлық деңгейіндегі мәслихат депутаттарының сайлау нәтижелері, өткен жылдағы кеңес жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.

Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін қосу жөнінде ұсыныстар айтылды, жаңа жұмыс жоспарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы аймақтың мәдениет және тарихи саласын дамыту жолындағы бағыттары енгізілді.

0
0
156

Орал қалалық жастар ресурстық орталығының Орал Жастары қысқы спорттық фестиваль өткізді

Орал қалалық жастар ресурстық орталығының Орал Жастары ұйытқы болуымен осындай тақырыпта қысқы спорттық фестиваль өтті. Орал қаласындағы «»Атамекен» туристтік орталығында ұйымдастырылған шараға қаламыздағы волонтер ұйымның жастары жиналды. Фестиваліміздің ашылу салтанаты мемлекеттік гимннен бастау алды.2025 жылға дейінгі «ЖАСТАР – ОТАНҒА!» бағдарламасы Орал қаласы жастарының тұлғалық дамуы мен бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кезегінде өз жұмыстарын бастап кетті. Жол картасы аясында жыл сайын қалажастарының бұқаралық спорт түрлерімен және дене шынықтырумен кем дегенде 30 % қамтылуын қамтамасыз ету жоспарлануды.Фестивальдің мақсаты — «Қазақстан — бір отбасы» идеясын жүзеге асыру, болашақта ел ішінде бейбітшілікті сақтайтын өскелең, салауатты ұрпақты қалыптасыру,жа…

0
0
417

Композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл

Биыл күй тарихында ерекше атаулы жыл. Ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантты, дара жерлесіміз, күйші - композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.Осыған орай, Орал қалалық кітапханасында өскелең ұрпақтың эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, музыка әлемінің, соның ішінде күй өнерінің құдіретін түсіндіру, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында әйгілі күйші, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай «Қос ішекпен сыр шерткен Дина Нұрпейісова» кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап көрмесіне Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, күйшінің күйлері жазылған күйтабақ пен үнтаспалар қойылды.@nur_ot…

0
0
828

18-19 қаңтар аралығында "Қазақстанның болашағы - біздің қолымызда" атты эссе байқауын жариялаймыз

18-19 қаңтар аралығында "Қазақстанның болашағы - біздің қолымызда" атты эссе байқауын жариялаймыз.

Сайысқа қатысу шарттары:

📷 Жас ерекшелігі 16-29 жас аралығындағы БҚО барша жастар қатысатын болады.

📷 Шығарманы жазып #эссебайқауы07 хeштегімен жеке инстаграмына салып @jasotan_bqo парақшасын белгілесе болғаны 19.01.2021 сағат 23:59- дейін жариялау қажет!

📷 Шығарманың мәтіні аяқталған соң, посттың астына қатысушы өзінің аты-жөнін және ұялы телефонының номерін толық жазуы тиіс.

Шығарма байқауының қорытындысымен жеңімпаз анықталатын болады. Жеңімпаз арнайы сыйлықпен марапатталады. Баршаңызға сәттілік 📷

@nur_otan

#NurOtan #JasOtanBQO #BizBirgemiz #БізБіргеміз #Tanday2021

@jasotan_bqo

0
0
307

Жасотандық жастармен «БҚО мүгедектері және Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамымен» кездесу өтті

Бүгін, жасотандық жастармен «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында «БҚО мүгедектері және Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамы» ҚБ төрағасы ~ Габделов Беркінғали Сериковичпен керемет кездесу өтті. Беркінғали ағамыз, жастарға өмірбаяны бойынша қызықты оқиғаларын айтып, болашақ өскелен ұрпаққа өсиетін айтқан болатын. Шара барысында жастар өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойған болатын.

#NurOtanBQO #JasOtanBQO #Ақжайықжастары #ардагерлердіардақтайық

Reposted from @jasotan_bqo

@nur_otan @baibekbk @jas_otan

0
0
132

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы барлық деңгейдегі мәслихаттарға тізімдер ұсынды

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы барлық деңгейдегі мәслихаттарға тізімдер ұсынды.Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 81,25%-ы дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 190 орыннан нұротандықтар 153 мандат алды.Кеше облыстық және аймақтық партия филиалдарының саяси кеңес бюро отырысының қорытындылары бойынша облысымыздың барлық деңгейлеріндегі мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданған болатын.Жалпы, облысымыздың мәслихаттарындағы «Nur Otan» партиясы фракциялардың құрамы 61,4%-ға жаңарды. Партияның депутаттық корпусы 9 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 43 жасты құрап отыр.«Nur Otan» партиясынан сайланған облыстық барлық депута…

0
0
204

«Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды

«Nur Otan» барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды.Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 82,4%-ті дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 3 276 орыннан нұротандықтар 2 701 мандат алды.Кеше партия филиалдарының саяси кеңестері бюролары отырыстарының қорытындылары бойынша еліміздің барлық облыстары, аудандары мен қалаларындағы мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданды.Жалпы, мәслихаттардағы біздің фракциялардың құрамы 65%-ке жаңарды.Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды.«Nur Otan»-нан сайланған барлық депутаттардың үштен бірі – әйелдер, 23% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатары сәйкесінше 1…

0
0
178