Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл

Биыл күй тарихында ерекше атаулы жыл. Ұлттық музыка өнері аспанында жарық жұлдыздай жарқырап өткен сегіз қырлы, бір сырлы талантты, дара жерлесіміз, күйші - композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толып отыр.

Осыған орай, Орал қалалық кітапханасында өскелең ұрпақтың эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, дүниетанымдарын кеңейту, музыка әлемінің, соның ішінде күй өнерінің құдіретін түсіндіру, өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында әйгілі күйші, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай «Қос ішекпен сыр шерткен Дина Нұрпейісова» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, күйшінің күйлері жазылған күйтабақ пен үнтаспалар қойылды.

@nur_otan

#NurOtan #BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
829

Осы тақырып бойынша

Композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл - Yvision.kz