«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
⠀
Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Батыс Қазақстан облысының барлық деңгейіндегі мәслихат депутаттарының сайлау нәтижелері, өткен жылдағы кеңес жұмысының қорытындылары және 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.
Кеңес құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін қосу жөнінде ұсыныстар айтылды, жаңа жұмыс жоспарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы аймақтың мәдениет және тарихи саласын дамыту жолындағы бағыттары енгізілді.
