Ыбырай салған ізбенен
18 қараша күні облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай салған ізбенен» атты іс-шара өтті.Кездесудің құрметті қонағы – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын зерттеуші, оның өмірі мен педагогикалық қызметіне арналған көптеген мақалалар мен баяндамалардың авторы Биялаш Балтиева Суинкина болды.Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия -интернатының 10 «А» сынып оқушылары қатысты.Іс-шара барысында қонақ балалармен өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, ұлы ағартушының мұрасын зерттеу жолы қалай басталғанын, алғашқы жұмыстарын неден бастағанын және мақалалар жазуға не түрткі болғанын әңгімеледі.Балалар көкейлеріндегі сұрақтарын қ…

