Сахи Романов туралы

Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романов Александр Иванович (1926 -2002) Қызылорда облысының Қазалы ауданына қарасты Қарақұм ауылында дүниеге келген.
Өмірбаянына қарап отырып, әкемнен бір жас үлкен екенін байқадым және оның балалық шағы Ашаршылық заманына тұспа тұс келген ғой деп ойлап үлгердім де, жанталаса ақпар іздедім. Болжамым алдамапты.
Әке-шешесі репрессия құрбаны екен. Соған қарағанда зиялы қауым өкілі болар деп болжаймын. Ал, жастайынан жетім қалған Сахи Қазақстан ғана емес, Ресейдің, Украинаның талай балалар үйінде тәрбиленіпті. Бір ғана балалар үйінде өспей, бәлен республикада болуы ол да зерттеуді талап етер тақырып.







