Перейти к содержимому

Эфталиттер туралы

Меніңше біз Кеңес, Алтын Орда, Түркі қағанаты дәуірі туралы айтамыз да, оған дейінгі кезеңге мән бермейтіндей көрінеді. Мысалы, эфталиттер туралы, бұл қазақ жерінде өмір сүрген халықтардың бірі. Дұрысы, эфталиттер мемлекеті (кейде "ақ ғұндар" деп аталады) қазақ даласынан бастап Үндістанның солтүстігіне дейінгі аумақты алып жатты. Әлі күнге дейін Ауғанстан аумағында бекіністерінің іздері бар. Кей деректерде біздің Орта жүздің Арғын тайпасы осы эфталиттермен байланысты деседі. Ал, арғындардың іздерін қазіргі Пәкістан аумағынан да кездестіруге болады. Тарих деген қызық ғылым, болжам, зерттеу, ізденіс дегендей. Дегенмен, өз заманында эфталиттер Иран шахтарымен соғысып, парсылардың 300 әскер басын өлтіреді. Ақ ғұндармен соғыста парсының Шахиншахы Пероз өлім құшады.

Бір деректерде Үндістан жеріндегі эфталиттер мықты өркениет құрып, соңғы эфталит мемлекеті қазіргі Қабыл қаласы тұсында болыпты. Қалай десек те, тарихымыздағы ақтаңдақтарды әлі де аша түсуіміз керек. Айтқандай эфталиттерді кей зерттеушілер иран тектес халық десе, өзге зерттеушілер прототүркілер (түркілер) деген болжам айтады. Меніңше, соңғы болжам дұрыс сияқты, тіпті, олар басқа түркі халықтарымен араласты, дегенмен, өзгешелігін сақтады деп ойлаймын. Иран тектес болатын болса, жоғарыда жазғандай олармен соғысып жүрмес еді, яғни, тілі мен ділі де бөлек, ал, эфталиттер кейін, қалған өзге түркі жұрттарымен араласты.

Олар "Жібек жолын" бақылап, Қытаймен де байланысты болды, яғни, осыдан-ақ, олардың Қытай, Үндістан және Персия арасындағы үлкен аумақты алып жатқан жұрт екенін білеміз. Эфталиттер жөнінде Византия империясы да білген. Байланыс та жасаған. Қалай десек те олар тарих бетінен жойылғанымен, Қытай, Иран деректерінде эфталиттер туралы мәліметтер қалды.

Суретте: Британ музейіндегі эфталит атты сарбазы, V ғасыр соңы.

#Эфталиттер #Ақ ғүндар #Түркі тарихы #Amandyq Amirkhamzin

0
0
5622

Еще по теме