Перейти к содержимому

«ЕР ЕДІГЕ» жыры

Каламкас Жалимбетова

автордың аудармасы

«ЕР ЕДІГЕ» жыры

«Малым - жанымның садақасы,

жаным - арымның садақасы»

ЕКІНШІ ЖЫР

"Едігенің Құбығыл деген атпен өсіп, Тоқтамыс ханның сарайында би болғаны туралы"

Жантемірдің алты ұлы бар еді,

Алтыншысы — Құбығыл еді.

Жантемірдің шаңырағында

Едіге Құбығыл атанып,

Ер жетіп, өсіп келеді.

Бір жасқа келді Құбығыл —

Жер-жаһан оған тарылып,

Табанын басқан жерінде

Топырағы ойылып.

Екі жасқа келгенде —

Елдің игі ағалары

Құбығылды құрметтеп,

Төрге оны қабылдады.

Айтқан сөзі — ем болып,

Әр сөзінде - қасиет,

Береке -бірлік бар еді.

Үш жасқа толған шағында —

Әріп тануды бастады.

Көкірегі ояу, ойы зерек

Білімнің сырын ашқан ол.

Төртке толды — жазу танып,

Жұртты таңдай қақтырды.

Ақылменен, даналықпен

Халықты таңқалдырды.

Тарады аты әлемге,

Даңқы жетті бар елге.

Беске толған шағында —

Бас болды әулетіне.

Жантемірдің бес ұлына

Аға болды бәріне.

Алтысында — атқа қонды,

Епті болды шабысқа.

Жетісінде — мерген болды,

Дөп түсірді алысқа.

Сегізінде — күш иесі,

Атақты балуан атанды.

Тоғыз-онға келгенде —

Нағыз дүлдүл атанды.

Дала кезіп өткенде,

Шөп жайылып жол салды.

Тауды кешіп өткенде,

Тас бытырап, ой қалды.

Он бірінде — сөзге шебер,

Сөз тудырған шешен болды.

Жарлы-жақыбай адамдарға

Қорған болып, көсем болды.

Он екіге келгенде,

Ер азамат атанды.

Даңқы тарап Едігенің -

Бүкіл халық мақтанды.

Алпамысқа теңеліп,

Ерлігі елге жаққанды.

Сонда Едіге былай деді:

Ер болдым —

Еліме - сүйеніш боламын,

Елім үшін - қорғанмын.

Жерге тиді менің желкем,

Елім үшін аянбаймын.

Жасаймын мен қайырым.

Мені өсірген қарт әкеме,

Жақсылықты қайырам.

Тауда жүріп жылқы қарап,

Тау етегінде қой баққан.

Қозылармен дала кезіп, күн кешіп,

Үстіне жыртық-жамау киім жапқан.

Ақылына оның ел таңданған,

Құрметке ие, орны төрде болған.

Жолаушыға — ат болған,

Адасқанға — жол болған.

Шөлдегенге — сусын боп,

Қиналғанға — емші болған.

Жалғыз жанға — қылыш боп,

Жаяуға — сүйеніш таяқ болған.

Елі мен халқына тірек болған.

Он төртінде — ақылдың кені еді,

Он төрт дауды әділ шешіп жеңді.

Қисынсыз талас, шырғалаңды

Тура төрелікпен тарқатқан еді.

Сонда айлакер Жанбай,

Ақ шашты, қырағы Жанбай,

Аузынан алты жазу шығарған,

Алты жат елдің тілін таныған,

Бір рулы елдің алдына келіп,

Оған тағзым етіп, бас иген !

Он бес жасында Едіге,

Тоқсанбасты Орданың.

Тоқсан ұлын шақырды.

«Қазір сынға түсейік,

Күреске бірге кірейік - деді ол.

Егер сендерді мен жеңсем,

Басшы болам сендерге.

Ал, егер біреуің мені жеңсең,

Басшы болар ол маған».

Едіге айтып осыны,

Қарапайым белбеуін

Шешіп алып қолына,

Алаңға байлап ту қылды.

Күресті сонда Едіге

Тоқсан ұлдың алдында.

Жеңе алмады ешқайсы,

Жеңді бәрін Едіге.

Жеңілгендерге әмір етті:

Киімдеріңді шешіңдер,

Бір үйінді ғып жиыңдар,

Сонда Едіге былай деді:

«Бұл — Тоқтамыстың тағы еді,

Мен отырамын, ал сендер

маған қызмет етіңдер», — деп

Сонда Едіге сөз бастап:

Анау, шөп арасында,

Шауып келе жатқан -

Сол — Тоқтамыс хан секілді.

Оған бас иіп, сәлем бермеңдер.

Егер өзі «сәлем» бермесе,

Алдымен өздерің -

сәлемдеспеңдер», — деді ол.

Көкшіл атпен Тоқтамыс

Көрінді алыстан қыр асып.

Ердің садақ бауында — сұңқары,

Тыныштық тербеп тұрды

кең даланы.

Айдаладан өте беріп,

Жігіттерді көрді ол.

Тоқсан жігіт — бір қауым,

Біреуі төрде отыр хан болып.

Жақындаса — үн қатпады,

«Салем» деп ешкім айтпады.

Басын иіп тағзым қылмай,

Иіліп шөпке жатпады.

Сонда хан Тоқтамыс :

— Тоқсан ұлсыңдар — тоқсан ер,

Асылдан туған асылдар.

Бірақ асылдық жат екен,

Алдымен «салем» бермейсің,

Бас иіп сәлем қылмайсың.

Айтыңдаршы -

Үлкеніміз қайсы екен?

Мен үлкенмін бе,

әлде сендер ме?

Едіге сәл алға еңкейіп,

Оң қолымен жантайып,

Жауап бере бастады:

«Әуелде, сен жасыңмен үлкенсің,

Кейін бізден кіші боларсың.

Оған өзің көз жеткізерсің.

Қасымызда тоқсан жігіт бар,

Жастарын түгел санап көр,

Әрқайсысы неше жыл, неше күн,

Ғұмыр кешкенін есептеп көр.

Сонда бізден үлкен жоқ екенін,

Өзің де анық білерсің.

Сенде де бізден артық емессің,

Тектілігің де биік емес.

Бізге иіліп сәлем бермедің,

Бірінші болып сәлемдеспедің.

Әдепсіздік таныттың сен,

Әй, әдепсіздік таныттың-ау сен!»

Ұлы хан Тоқтамыс

Сол жағына бір қарады,

Оң жағына бір қарады.

Жауап таба алмай дал болды,

Атын кері бұрып жөнелді.

Хан ордасына кірді де,

Жанына тыныштық таппады.

Төсекке жатып, ұйықтай алмай,

Үш түн бойы көз ілмеді.

Кірпігіне ұйқы үйірілмеді.

Көңілінен кетпей қойды

Жанын жегідей ой жеді.

Шалғын шөп біткен жерінде,

Айдалада -

Тоқсан жігіт отырды,

Бірінен бірі озып тұр.

Бәрінен биік Едіге,

Ақылымен дара еді.

Ақылдының - ақылы,

Әділдінің - әділі.

Ел оны былай мақтады:

«Жетімдерге - пана болған,

Жолаушыға - ат болған,

Жолдан адасқан жанға - жол,

Ашыққанға - нан болған,

Туысы жоққа - пана болған,

Панасызға - үй болған».

Тоқсан ұлдың арасында

Дүрменнің ұлы Ұрман бар.

Көңілінде қулығы,

Жан дүниесі тұман-ды.

Бала кезден әдеті —

Ұрлық қылған - кәсібі.

Балалардан (ойыншық) ат ұрлап.

Үш мәрте ат ұрлап, ұстатпай,

Төртіншіде қолға түскен.

Тоқсан жігіт кеңесіп,

Жамандықтың жолын кесіп,

Едігеге бас ұрды:

«Ұрыны жазалау керек,

Әділ төре, бұйрық бер!

Қылдан есілген арқанмен

Зұлымды тасқа байлатып,

Басын алдырт!» — деді ел.

Тоқсан жігіт арасынан

Едіге бір ерді таңдады,

Жазаны атқаратын

Жалғыз жендет сайлады.

Жендет қылыш сермеді,

Ұрының басын шапты.

Ел ішіне кең тарап,

Едігенің бұл үкімі

Жұртқа мәлім боп жатты.

Зұлымдыққа жаза жетті,

Кекте тез-ақ қайта жетті.

Дүрмен бидің баласы кетті,

Қайғы оның басын басты.

Жігіттердің арасынан,

Ол балтасын жарқылдатып,

Баласын өлтірген жендетті

Жұлып алып, сүйретіп,

Хан алдына алып келді.

Тоқтамыс ханға басын иіп,

Былай деді зарлы үнмен:

— Егер өзім — Би Дүрмен болсам,

Ал ұлым болса — Би Ұрман.

Ұлымды мына сұм жауыз

Басын шауып өлтірген.

Енді оның қаны үшін

Не істемекпін, ұлы хан?

Хан ием, айтшы, не қылайын,

Қанға жауап қалай

қайтарайын?

Тоқтамыс Едігені шақырды,

Едігеге сөз қатты:

«Әй, Құбығыл, Құбығыл,

Жақсы әкенің ұлысың!

Құлын бағып, күзеткен,

Қозы қуып, түз кезген,

Жантемірдің ұлы Құбығыл,

Дүрменнің ұлын

Неге өлтірдің ?

— Ұлы ханым! — деді Едіге,

— Еліңде заң бар, емес пе:

Үш жылқы ұрлаған ұрыны -

Төртінші рет ұстасаң,

Хан жарлығы бойынша

Басын алуға міндетті..

Мен де солай үкім қылдым.

Төртінші мәрте ұрлық үстінде,

Ұсталған Ұрманға — жазасы сол.

Менің бұйрығым — сенің бұйрығың,

Енді не бұйырсаң, сол болар.

Тоқтамыс орнынан тұрып сөйледі:

— Әй, Дүрмен, адал күзетшім!

Мына жас жігіт Құбығұл

Әділ де дұрыс іс қылған.

Ол біздің заңды сақтаған.

Оны қатал жазалауға

Біздің хақымыз бар ма?

Ханның сөзі — оның да сөзі!

Айдалада он төрт бірдей

Шатасқан дауды шешкен ол.

Ел ішінде даңқы шыққан,

Тоқсан баланы жеңіп өтіп,

Бәрінің алды - болған ол.

Ұрыны сот жазалайды,

Менің заңым — оның тірегі.

Оны қатал жазалауға

Менің қандай хақым бар?!

Күбығылға сонда Тоқтамыс

Былай деді толғанып:

«Күбығыл, үстіңдегі сенің

Жыртық-жыртық шапаның.

Таста енді сол шапанды,

Менің халқыммен бірге бол,

Ордама кел, қасыма кел.

Бұлғын ішікті алып

Менің иығымнан киіп ал.

Бір жүйрік атты сыйлайын,

Оттай ыстық жаны болсын.

Шұбар-жирен, жүйрік болсын,

Тұлпарлардың тұқымы болсын!

Ер-тоқымын сайла да,

Мүйіз керней байла да,

Аңға салған қаршыға ал!

Тағы бір қыз сыйлайын,

Бойы сұңғақ, белі тал,

Кәмшаттай нәзік, хош иісті,

Құстай ғана діріл қаққан,

Қыз күнінде көркі артқан.

Сол жақ беті — туған ай,

Оң жақ беті — жарқын күн.

Қара көзі — шырақтай,

Аты оның — Айтұлы,

Сұлулығы жұртқа мәлім.

Көңіліңе жақса егер,

Үйлендіріп, той жасармыз,

Даңқыңды дүниеге жаярмыз!

Бізбен теңескісі келсе Қырым,

Билігіңмен төрелік айт.

Қырым бізге қарсы қол бастаса,

Қырым әскеріне -

тойтарыспен қайт!».

Едіге сонда тіл қатты:

«Атың болса — бағайын,

От жақсаң — отыңды сақтайын.

Жақсыға — жақсымын,

Жаманға — қаттымын.

Қызметіңде қаламын,

Өзіңе құл боп барамын!».

Осы кезден бастап - ол құл болды,

Тоқтамыстың сыйын алды.

Өз еншісі қайта түлеп,

Бұлғын ішікті үстіне ілді,

Көркіне көрік қосты ол.

Дәулетті ер, даңқты салт атты,

Енді ол мінді торы атқа.

Ал соққыға деп хан оған

Терімен қапталған дабыл берген.

Сарайда мәртебелі биікке жетіп,

Едіге алғыр лашын алған.

Сүйсініп, көңілін тербеткен,

Махаббат үшін, рахаты үшін,

Жебіршөптей жұпар аңқыған

Айтұлуды жар еткен.

Жарық еді оның жанары,

Жібектей еді жұмсақ тәні.

Булғарда туған ару еді,

Айтұлыдай көркем жан еді.

Сол жақ беті — туған ай,

Оң жақ беті — шыққан күн!

Қырымнан қол қаптап келсе,

Едіге жауын жойған-ды.

Шекарада дау туып қалса,

Жауларын жерге қойған-ды.

Едіге елге қызмет қылды,

Әділ билеп, төрелік қылды.

Алым-салық, даудамайдан,

Соғыстан өз халқын азат қылды.

Жерінің тыныштығын орнатты,

Тоқтамыстың қазынасын молайтты.

Күміс толды көлдей боп,

Алтыннан тау боп құралды.

Ел-жұрты дәулетке кенелді,

Ет жеп, бал ішіп еркінделді.

Алыс елдерден керуендер

Бірінің артынан бірі келді.

Қақпадан шықпай жатып-ақ,

Дабырлы думан, ел толды.

Түйелер тізіліп, жүк артқан,

Бірінен соң бірі айнала

Шеңбер болып тартқан.

Едіге еліне қызмет қылған,

Әділдікпен Ізгі істер жасаған.

Сол кезде Тоқтамыстың жары - Жанеке,

Егіз қызды дүниеге алып келген.

Айдай жүзді үлкен қыздың аты — Ханеке,

Күндей нұрлы кішісінің аты — Күнеке.

Екі сәби осылайша дүние есігін ашты,

Қос қуаныш толтырды елдің жүрегін.

Сол күндері бесіктен белін жазып,

Тоқтамыстың ұлы -

Қадырберді де ер жетті.

Тоқтамыс хан -

игі жақсыларды шақырып,

Жылқы сойып, үлкен тойын бастады.

Зиялыға дастарқан жайып салып,

Жұрттың бәрін қуанышқа бөледі.

Кедейлерге қазынасын ашып берді,

Ат бәйгесін, ойын-сауықты өткізді.

Ел-жұртымен той тойлап, қуанып,

Оның көңілі марқайды.

Ай тұтылып, жарқыраған күн шықты,

Ай-күні жетіп Айтұлы - ұл туды.

Құлыншақтың басындай басы бар.

Көп ұзамай Едіге жиып қарасын,

Тоқтамыстың құлы болған

Қара жұрттың баршасын.

«Көптен күткен ұл туды,

Нұрадин деп ат қоямыз», —

деді Едіге қуанып.

Ұлын, Едіге әмір етті :

Ораңдар деп кәмшатқа,

Бірақ кәмшат тым қатты,

Балаға ауыр болар деп,

Бөбекке жұмсақ жарасар

Ораңдар деді паршаға.

Паршаны да қатты деп,

«Баламды, — деді, — бекерге

Қинап қоймайық онымен.

Кәмшаттан да, паршадан

Жұп-жұмсағы бар екен».

Құндыз емес, құндыздан да

Жұмсақ құндыз терісіне

Орауға шешті баласын.

Ерлік оты - кеудесіне

Толсын деген ниетпен,

Ұлын ертіп майданға,

Жау қуған қалың қолымен

Бірге алып жүрді Едіге

Көрсін деді баласы,

Ер болсын деді Нұрадин -

Осыған толды Едігенің көңілі

Еще по теме