Перейти к содержимому
Обложка сообщества Книги

Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы VI республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармаға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы VI республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Алты жылдан бері байқау қазақстандық балалар әдебиетіндегі жаңа есімдерді танытып, еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген талантты авторларды біріктіріп келеді. Осы уақыт ішінде жас оқырмандарға арналған ертегілер, әңгімелер, повестер мен фантастикалық шығармаларды қамтитын 137 қолжазба қазылар алқасының назарына ұсынылды. VI байқаудың жеңімпаздары: «Қазақ тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша (Павлодар қаласы) Бейбіт Бөжен «Арлан блогер» шығармасымен жеңімпаз атанды. «Орыс тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша Көкшетау қаласынан Наталья Геннадьевна Яковлева «Подводная лодка Макса» повесімен жеңімпаз атанды. Балалар қазылар алқасының арнайы жүлдесіне «Арлан блогер» шығармасы үшін Бейбіт Бөжен ие болды. Жас оқырмандардың мойындауы – әрбір автор үшін ерекше марапат!Байқаудың маңызды нәтижелерінің бірі – байқауға ұсынылған шығармалар енген «Таза бұлақ» атты жинақтың жарық көруі. Жақын арада жинақ Қостанай облысындағы барлық балалар кітапханаларына жеткізіледі. Осылайша, жаңа әдеби туындылар өз оқырмандарын табады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер және жас оқырмандарды баурап алып, таңғалдыратын әрі жаңа әлемдерге жол ашатын кітаптар тілейміз!

Подведены итоги  VI Республиканского конкурса имени Ибрая Алтынсарина на лучшее литературное произведение для детей и подростков. Уже шесть лет конкурс открывает новые имена в казахстанской детской литературе, объединяя талантливых авторов из разных регионов страны. За это время на суд жюри представлено 137 рукописей - сказки, рассказы, повести и фантастические истории, созданные для юных читателей.

Победителями VI конкурса стали: В номинации «Лучшее произведение для детей и подростков на казахском языке» - Бейбіт Бөжен (г. Павлодар) с произведением «Арлан блогер». В номинации «Лучшее произведение для детей и подростков на русском языке» - Наталья Геннадьевна Яковлева (г. Кокшетау) с повестью «Подводная лодка Макса».Специального приза детского жюри удостоен Бейбіт Бөжен за произведение «Арлан блогер». Признание юных читателей - особая награда для каждого автора!

Важный результат конкурса -  издание сборника «Таза бұлақ», в который входят конкурсные произведения. Вскоре сборник поступит во все детские библиотеки Костанайской области, чтобы новые литературные истории нашли своих читателей.

Поздравляем победителей и желаем им вдохновения, новых творческих достижений и книг, которые будут увлекать, удивлять и открывать юным читателям новые миры!

#Заң_мен_тәртіп #Закон_и_порядок

Еще по теме