{"blocks":[{"key":"7s03e","text":"Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Керімбек Болат Бақбергенұлы Ескелді ауданындағы су торабының жұмысымен танысты.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"erajf","text":"Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынуы керек. ","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"1nk40","text":"- Стратегиялық маңызы бар нысанның жөндеу жұмыстары аса үлкен жауапкершілікті талап етеді, себебі өңірдің ауыл шаруашылығы үшін аталмыш қоймалардың берері мол. Осыған жауапты сала басшыларына да талапта күшті болу керек, - деп атап өтті депутат Болат Бақбергенұлы. ","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"ckrj6","text":" Жетісу облысы аграрлы аймақтың біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиісілі. Жалпы, Қаратал өзеніндегі бұл су тарту бөгеті 1976 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде күрделі жұмыс жүргізілмеген ","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"bq675","text":"бұл нысанның техникалық жағдай қанағаттанарлықсыз деп бағаланған. Бөгеттің төменгі бьефінің бетон түбі бұлыңғыр, бос жерлер көрінеді. Бұрандалы көтергіштердің электр жабдықтары тозған, ауыстыруды және қызметтік көпір күрделі жөндеуді қажет етеді. ","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"6u6f8","text":"Айта кетейік, «Қазсушар» РМК Алматы филиалы 8 ауданға қызмет көрсетеді: (Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Көксу, Панфилов, Ұйғыр және Шеңгелді). Филиал теңгерімінде 15 су алу торабы және 9 су қоймасы, 5,1 мың шақырым каналдар бар, суармалы жерлердің жалпы көлемі 197,7 мың га құрайды.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"6nau4","text":" ","type":"atomic","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[{"offset":0,"length":1,"key":0}],"data":{}},{"key":"brrqk","text":" ","type":"atomic","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[{"offset":0,"length":1,"key":1}],"data":{}},{"key":"dm8dv","text":" ","type":"atomic","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[{"offset":0,"length":1,"key":2}],"data":{}},{"key":"840ag","text":" ","type":"atomic","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[{"offset":0,"length":1,"key":3}],"data":{}}],"entityMap":{"0":{"type":"image","mutability":"IMMUTABLE","data":{"src":"https://storage.yvision.kz/images/user/575787/ac66261e2a71f35bc21a559bd95a79.jpg"}},"1":{"type":"image","mutability":"IMMUTABLE","data":{"src":"https://storage.yvision.kz/images/user/575787/ccbda41d6c785e48b46872a3c269b6.jpg"}},"2":{"type":"image","mutability":"IMMUTABLE","data":{"src":"https://storage.yvision.kz/images/user/575787/b0b81b1d2a90ee458df024869a1104.jpg"}},"3":{"type":"image","mutability":"IMMUTABLE","data":{"src":"https://storage.yvision.kz/images/user/575787/f3546ca842bbcf201cb4d62a827bd0.jpg"}}}}