Перейти к содержимому
Обложка сообщества Культура

«Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» библио-көпір

23 қыркүйек – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тіл күнінде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Токтогул Сатылганов атындағы Ош облыстық кітапханасымен халықаралық онлайн-көпір өтті. Іс-шара Қостанай қалалық Достық үйімен бірлесіп ұйымдастырылды.Кездесудің құрметті қонақтары Қостанай облысындағы қырғыз қауымдастығының өкілдері болды.

Олар қатысушыларды өз отандарының бай мәдени мұрасымен таныстырып, Қырғызстанның бірегей үйлену тойы салт-дәстүрлері туралы кеңінен әңгімелеп берді.Мәдениеттер диалогына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика кафедрасының студенттері белсенді қатысты. Болашақ медиа мамандары этнографиялық дәстүрлер мен мәдениетаралық өзара іс-қимылдың қыр-сырын біліп қана қоймай, халықаралық кездесудің маңызды сәттерін де таспаға түсіріп үлгерді.Онлайн-кездесу Қазақстан мен Қырғызстанның кітапханалары мен жастары арасындағы достық байланыстарды, мәдени алмасуды және кәсіби ынтымақтастықты нығайту жолындағы тағы бір қадам болды.

Баннер сообщества Культура

Еще по теме