Перейти к содержимому
Обложка сообщества Книги

«Ы. Алтынсариннің өміріннен бір күн» = «Один день из жизни И. Алтынсарина»

5 қараша

«Аса құрметті Николай Алексеевич!… Бізде ешқандай жаңалық жоқ; дала тыныш әрі мамыражай күйде өзінің күнделікті тіршілігін жалғастырып жатыр. Әрине, бұл туралы жазудың да қажеті жоқ шығар, өйткені қала тұрғындары далалықтардың қуанышын түсіне қоймас, тіпті күлкілі көрінуі де мүмкін. Әсіресе, астық мол шыққан жылдары дала тұрғындары ерекше қуанышқа бөленеді. Дегенмен, ауа райы қолайсыз, қапырық қалада тұрып, өздерін өркениетті өлкеде өмір сүріп жатырмыз деп мақтан тұтатын сіздер, қазандықтар, дәл қазір біздің даламыздағыдай жаймашуақ ауа райына бөленіп отырған шығарсыздар. Бізде әлі күз, күн өте жылы, егін жақсы жиналды…

Егер Қазан тұрғындарына бидай қажет болса, Қостанайға батыл түрде жол сілтеңіз. Меніңше, нансыз өмір сүру мүмкін емес, ал қала тұрғындары мақтан ететін газбен жылыту жүйесінсіз, жалаңаш мүсіндері бар жасанды ағаштарсыз және желдеткіш жүйесі орнатылған үйлерсіз де алаңсыз, ән салып өмір сүруге болады. Оның үстіне, далада желдеткіштің қажеті жоқ, өйткені ауасы мейлінше таза. Түнде бізді шынайы, Құдайдың нұрымен жарқыраған ашық аспан - ай мен жұлдыздар жарықтандырады. Ал үлкен қалаларды үнемі тұмшалап тұратын сасық түтіннің салдарынан сіздер ай мен жұлдыздарды сирек көретін шығарсыздар…»

➡️ Толық мәтінді мына басылымнан оқи аласыз: Ы.Алтынсарин. Шығармалар жинағы: үш томдық. – Алматы: Қазақ КСР «Ғылым» баспасы, 1978. – Т. 3. – Б. 122.

#ыбырай #ыбырайалтынсарин #ыбырайалтынсарин185жыл  #Алтынсаринөміріндегібіркүн#ибрай #ибрайалтынсарин185лет #одинденьизжизниАлтынсарина

Еще по теме