Перейти к содержимому

Жұмат және Жанбике Шаниндар туралы

Жалпы біздің зиялыларымыз сан қырлы, білімді және шығармашыл адамдары болған. Бүгін олар жөнінде материал оқып отырып, репрессия құрбандары Жұмат және Жанбике Шаниндар туралы айта кетуді жөн көрдім.

Жалпы, қазақтың Торғай, Орда, Қарқаралы, Баянауыл сияқты зиялылар шыққан өлкелері көп. Оның ішінде, Алаштың талай марғасқалары шыққан Баянауылдың орны ерекше. Жұмат Шанин Баянауыл тумасы, ауыл молдасынан хат таныған соң домбыра тартып үйренеді. Омбыға келіп, зауытқа жұмысқа тұрады, кейін бухгалтерлік курстарда оқиды. Шаһардағы өмірі кезеңінде Жұмат қала театрындағы спектакльдерге барады. Қазақ зиялылары Сәкен Сефуллин мен Нығмет Нұрмақовпен танысады. Кейін майданға кетіп, соғыстан келген соң партия-мемлекет қызметінде болады.

Бір қызығы Зайсан қаласында атақшы қанішер Николай Ежовпен бірге қызмет істейді. Сол уақытта партия қызметінен бас тартып қана қоймай, Ежовтың сұраған әдемі, Бельгия өндірісінің мылтығын бермеген деседі. Тұтастай бір мемлекетке "қызыл террор" орнатқан Ежов сияқтылар ұмытпайды ғой, ол жөнінде төменде жазамын.

Сонымен, 1920 жылдардан бастап "Ес-Аймақ" труппасына басшылық жасап, өзінің алғашқы "Арқалық батыр" атты пьесасын қояды. Батыр рөлін өзі сомдайды. Шанин 1926 жылға дейін Семей губерниялық театрының режиссері және актері болып жұмыс істейді. 1925 жылы Қызылордада Қазақ драма театрының негізін қалаушылардың бірі және көркемдік жеткшісі болды. Театр ұлттық және классикалық драматургия қойылымдарын қояды. 1931 жылы Елубай Өмірзақовпен бірге алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Халық әртісі атағына ие болады. 1932-1933 жылдары Қырғыз драма театрының бас режиисері болып қызмет атқарады. 1934 жылы Қызылордадағы театр Алматыға көшіп, отбасымен осында орнығады.

Әйелі Жанбике Шанина - алғашқы қазақ актисаларының бірі, Қарқаралы өңірінде туған. Шининдердің отбасылық һәм шығармашылық тандемі керемет жұмыс істеп, өзгелерге үлгі бола білді. Дегенмен, Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде техникалық ақау шығып, КСРО басшысы Иосиф Сталин сахнаға шыққан кезде, шымылдық 12 минуттан соң ғана көтеріледі. Әрине, мұны бәз-біреулер әдейі істеді ме әлде басқа себеп пе ол жағы белгісіз, бірақ, бұл жайттан кейін ол қудалауға ұшырап, "халық жауы" ретінде 1937 жылы қамауға алынады да келесі жылы атылып кете барады. Жұмат пен Жанбиеке пойызда Мәскеуге бара жатқан кезде кішкентайларынан айырылған еді.

Жалпы, Жұмат Шанин шығармашылы туралы айтқан кезде оның бес театрды, яғни, Алматыда үш, Оралда бір және Фрунзеде (қазіргі Бішкекте) бір театрдың негізін қалағанын ұмытпауымыз керек.

Көптеген қазақ зиялылары сияқты оның отбасы да қырғын-сүргінге ұшырайды. Әйелі - Жанбикені 8 жылға соттап, ол бостандыққа 1946 жылы ғана шығарды. Жанбике төрт жыл Қарағандыда жұмыс істеген соң, 1950 жылдардың басында қайтыс болады. Шаниндердің үлкен ұлы Раупбек ата-анасын қамауға алған соң 21 жасында қаза табады.

Бірақ, қазақ халқы Шаниндер отбасын, әртіс һәм драматург, режиссер, қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Жұмат Шанинді ұмытпақ емес, Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына Жұмат Шанин есімі берілген.

#Репрессия құрбандары #Жұмат Шанин #Жанбике Шаина #Amandyq Amirkhamzin

Еще по теме