Саржан апа
Саржан апа!Біз дінсіз қоғамда өстік, миымызға солай сіңірді, өз басым қазіргі кезде қаптаған балгер-емшілерге сенбеймін, әрине арасында шын жан-тәнімен еліне, жұртына қызмет ететін адамдар бар екенін білемін. Бірақ, кейде өзім көзіммен көрген, бала күніміздегі нақты фактілер мені әлі де таң қалдырады.Мысалы, ауылымызда көз жанарынан айырылған Саржан есімді апайымыз болды. Жақын туысқанымыз, рулас еді. Талай рет куә болған бір-екі оқиғаны айта кетейін.Ауылда тұрамыз. Ол кісінің үйі біздің үйден алыс емес, арамыз шамамен 4-5 үй аралығы. Кейде анам айтып апамызды алып келеміз, суға түсіреді, шашын тарап береді, шай береміз, әңгімесін тыңдаймыз (анамның топты бала-шағамен бәріне үлгіретіне қайран қаламын). Саржан апамыздың әр алып келген сайын, апарған сайын бізге кәмпиті дайын тұрады (жалпы…
