Өзбекстандағы экскурсиялар мен гидтер қызметі туралы
Өзбекстанға осыған дейін жол түсіп жүрген соң, менде жергілікті гидтердің байланыс нөмірлері бар еді, бірақ, Айболат және Мамура әріптестерім маған қарағанда көбірек барып жүр, деректері жетеді. Жалпы, мысалы, мен өзім тарихшы әрі саяхатшы болғандықтан баратын нысандарым туралы зерттеймін, бірақ, әр қаланың және әр мемлекеттің гидтеріне жүгіну ләзім. Өйкені, олар білім алды, жергілікті гидтер мен экскуросводтардан артық ешкім білмейді әрі олардың қызметін пайдалану құрмет қой.Сонымен, әдеттегідей алдын ала хабарласып, сөйлесіп, жоспар жасап қойдым, Самарқанд, Бұқара, Ташкент гидтерімен сөйлесіп, бағаларын да білдім. Әркім өз зияткерлік еңбегін бағалайды, 3 сағаттан 5 сағатқа дейін, тіпті күні бойы жалдауыңызға болады. Қалтаңызға қараңыз. Мен тәжірибелі және сауатты гидтермен сөйлестім, қы…

