Кокошник һәм идеология
1988 жылы Арқалық қаласындағы мектепте оқып жүрген кезім, ол кезде 15 одақтас республикалардың киімі мен дәстүрін көрсетіп, әнін айтып, биін билейтінбіз. Қиялдағы "коммунизмге" сеніп жүрген кезіміз. Оның бәрі өтірік, жалған екенін кім білген?Ал, қазір 15 емес, "140 ұлт пен ұлыс" деп даурығатын болғанбыз. 100 пайыз қазақтар тұратын ауылдар мен ұжымдарда Қазақстандағы жұртты қойғанда испан киімін киіп, биін билеп, әнін айтамыз. Бұл қайдан шыққан идеология екенін түсінбедім?


