Перейти к содержимому
Fvfylsr
Fvfylsr

Амандык Амирхамзин

@Fvfylsr

На сайте с 21 марта 2016 г.Казахстан, Астана

Без прошлого нет настоящего!

рейтинг

250

постов

332

комменты

83

подписчиков

20

подписка

1

Қостанай әуе хабы

Біздің Қостанай облысы шекаралық өңір, Ресейдің бірдей үш аймағымен шектеседі, екінші жағынан жанындағы миллионер Ресей қаласы Челябі шаһары Қостанайдан 321 шақырым ғана болса, Қостанайдан Астанаға дейін 700 шақырым. Айтпақ ойым Қостанайдың өңірлік хаб ретінде мүмкіндігі әлі толық пайдаланылмай отыр. Оның үстіне Қостанай-Тобыл-Рудный қалалары агломерациясының халқы жарты миллионға жетеді.

Ал, былай қарасаңыз Қостанайдан Астана мен Алматыға, Шымкент пен Мәскеуге, Ташкент пен Мысыр еліне тікелей рейстер жұмыс істеп жатыр. Болашақта Фукуок пен Нячангқа және Стамбулға тікелей рейстер жоспарланып отыр.

Негізінде, Қостанай облысы мен Қостанай қаласының туристік әлеуеті әлі де жеткілікті бағаланбай отыр.

#Қостанай #Ішкі туризм #Amandyq Amirkhamzin

0
0
5652

Эфталиттер туралы

Кезінде эфталиттер мемлекеті (кейде "ақ ғұндар" деп аталады) қазақ даласынан бастап Үндістанның солтүстігіне дейінгі аумақты алып жатты.

0
0
5853

Әбубәкір Диваев туралы

Біздің қазақ халқы естек деп айтатын башқұрт арасынан екі халыққа тең талай адам шыққан, тіпті, кейде үш жұртқа (қазақ, татар, башқұрт) ортақ тұлғалар да бар. Мысалы, Ақмолда, Сәдуақас Ғылмани сияқты. Сосын Башқұрстанда туған, тегі татар, жүрегі қазақ Машқар Гумеровтың шығармалырын ерекше жақсы көремін.

Айтқандай, башқұрттармен байланыста болған Алаш қайраткерлерінің бірі туралы бөлек жазармын.

Сол сияқты башқұрт арасынан шыққан, бірақ, патша үкіметіне қызмет етті десек те, өмірін түркі халықтарының салт-дәстүрі мен этнографиясын зерттеуге арнаған Әбубәкір Диваевтың шығармашылығы керемет.

0
0
5609

Ғазиз Әмірханұлы әкеміз туралы

Атам қазақта «әкесі достың баласы дос» дейтін аталы сөз бар. Иә, менің де әкемнің өзімен сыйлас әрі құрдас жандарының бірі Ғазиз қажы Әмірханұлы болатын. Ал, өз ретінде Ғазиз әкеміздің баласы Шоқан қажыны қатты құрмет тұтамын.

Ел ішінде Ғазиз Әмірханұлының игі істері туралы бұрынан жазылып та, айтылып та жүр.

0
0
4954

Сейітбек Нұрқанов туралы

Әке-шешенің қадірін балалы болғанда білерсің дейді. Ал, олардың көзі жоқ болған соң тіпті басқаша қарайсың? Әкемнің өскен ортасы, балалық шағын әрине білмеймін, өз айтқандарынан, жазып кеткенінен құлағдармын. Дегенмен, бір жәйт маған өте қызық көрінеді, бала күнінен бірге өскен, ауылдасы Сейітбек әкеміздің менің әкем Қорғанмен достығы, өмір бақи сыйластығы.

Енді, Сейітбек әкемізге қатысты мына екі әңгімені баяндай кетейін.

0
0
4957

Қаллеки театрының «ішкі Әлемі»

Бас қаламыз – Астана шаһарының мәдени өмірі сан-салалы. Оның бір бөлшегі театр, ал, театрды өмір айнасы десек болар.

Әдетте, театр сахнасындағы көріністерді, әртістердің шеберліктерін көреміз де оның «ішкі кухнясын» біле бермейміз. Ол мен үшін айрықша қызық еді. Өйткені, көріністер кезінде киімдердің, реквизиттердің және сахнаның безендірілуімен қатар, оның жеделдігі, қозғалғыштығы, әдемілігі де байқампаз жанға зер салмаса білінбейді.

Сонымен, жақында Әсел Рысмағанбетқызының шақыруымен Қаллеки театрының «ішкі кухнясына» куә болған едік.

0
0
8149