Алматыда сауда орталықтары жастары арасындағы футбол турнирі өз мәресіне жетті
Алматы қаласында «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар арасында шағын футболдан турнир өтті.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған жарысқа 16 команда қатысты. Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша «Саламат-2» командасы чемпион атанып, бас жүлде мен кубокты жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сертификаттармен марапатталды. Турнир жастар арасында спортты насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды.








