Мазмұнға өту
Обложка сообщества Закон  и порядок

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

2018 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Ашық есік күнін» өткізілді.

Судья К.Е. Касабулатов іс-шара барысында жеке азаматтар қабылдауын өткізіді, онда ол азаматтық құқықтық реттеу, кедендік, салықтық заңнамаларды бұзу, мемлекеттік органдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану мәселелеріне толық жауап берді, сондай-ақ сот актілеріне одан әрі шағымдану бойынша азаматтық құқықтық нормаларды түсіндірген.

Одан басқа, барлық ниет білдірушілерге азаматтық іс бойынша сот процестеріне қатысу мүмкіндіктері берілді.

«Ашық есік күнін» Алматы қаласы Жетісу аудандық соты әр апта сайын жұма күндері өткізеді.

Осындай іс-шараны өткізу мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, сот төрелігіне қол жетімділікті қалыптастыру, азаматтардың сот жүйесіне жоғары сенімдерін арттыру.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты

0
0
109

Осы тақырып бойынша

Алматы қаласының Жетісу аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. - Yvision.kz