Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Қайыр сұрап отырғандарға қалай сенеміз?

Университеттен шыға бергенімде әрдайым бір атаны көремін. Жерде қайыр тілеп отырады, бір аяғы "жоқ". Жанынан өткен сайын аяп өтетінмін. Қолыма ақша түсе қалса сол кісіге беретінмін. Атаны күнде көргендіктен әбден үйренісіп қалғанбыз.

Бірақ, жақында менің өз көзіммен көргенім ақылға сиымсыз жағдай. Сабақтан кейін "КТК" арнасына түсірілімге жетуге асығыс болып бірден аялдамаға беттедім. Автобусқа енді аяғымды басып кіре бергенімде өзіме таныс атаны көрдім. Аяғы сап-сау. Менің артымнан кіріп келді. Қолындағы таяғын шетке қойып, бір бос орынға жайғасты. Өз көзіме өзім сенбей, қатып тұрып қалдым. Ол сол әлгі "бір аяғы жоқ, мүгедек ата емес па?" деп ойладым. Соның дәл өзі болып шықты. Бір жақын адамым мені алдап тастап кеткендей сезімде болдым. Сонда бір аяғын қалай жоқ етіп көрсетеді? Оның сыры неде? Жарайды, екі аяғы да сау екен онда неге болмай бара жатқанның өзінде де тәшкі итеруге жұмысқа кірмейді? Ақша керек болса, тек жұртты алдаумен ғана табуға ниеттенгені ме?

Әрине, осындай әдіспен ақшаны жеңіл табудың жолын тапқандар өте көп. Біреу "мүгедек" болып, біреуі кішкентай баласымен, енді біреуі өлейін деп жатқан кейіп танытып адамдарды алдайды. Ал шынымен сондай көмекке зәру адамдарды бұндай алаяқтардан қалай ажырата аламыз? Көмекке қатты мұқтаж болған жанға қалай көмектесеміз?

3
2
900

Осы тақырып бойынша

Қайыр сұрап отырғандарға қалай сенеміз? - Yvision.kz