Мазмұнға өту
mudin

Динара Мухтар

@mudin

Сайтта 2016 ж. 11 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

26

пікірлер

3

тіркелуші

3

жазылымдар

5

Ұлттық код

Әр елдің тек өзіне ғана тән ерекшеліктері, болмыстары болады. Оны-ұлттық код деп атаймыз. Жалпы ұлттық кодтқа тіреу болатын берік діңі болуы қажет. Ол әрине біздің тіліміз. Жастайынан баланың өз еліне, жеріне деген махаббаты ана тілінен басталады. Ал одан ары оны күшейту, қазақи тегімізді, ділімізді бойына сіңдірту отбасының еншісінде. Ертедегі заманда ата-әжелеріміз немерелеріне кішкентай кездерінен бастап ертегі, қисса-дастарын айтып тағлымын көрсетіп өсірсе, қазірде ондайды жиі көре бермейміз. Себебі, бұл заманның қарттары сонау Кеңес Одағында өскен. Жақсыны жаман, жаманды жақсы деп айтқызған дәуірден шыққан. Кейбіреуі әлі күнге дейін батырларымызды, ақын, жазушыларымызды білмей жатса, енді бірі немерелерімен бірге отырып Қазақстанның ел болып қалыптасуына үлкен еңбектерін сіңірген май…

0
0
1247

«Жігіттер» тобы, «Градусы» бойз-бенді және Катя Лель балалар үйін қуанышқа толтырды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласындағы "балалар үйіне" Отандық "Жігіттер" тобы мен Ресейлік "Градусы" бойз-бенді және Катя Лель барып қайтты. "Градусы" тобының солисттері: "Әр баланың өзінің сүйікті ата-анасын тапқанын қалаймыз. Өз отбасыңның болғаны үлкен бақыт қой. Балаларға, тәрбиешілерге денсаулық, ашық аспан мен бақыт тілейміз" Бұл күні балалардың көздері қуаныштан жайнап жүрді. Әрине, теледидардан күнде көріп жүрген жұлдыздарын шын өмірде кездестіру олар үшін үлкен бақыт қой. Көптеген балалардың армандары орындалып, өздері пір тұтатын адамдармен бірге өлең айтқанға не жетсін? "Біз осындай шараларға қатысқанды жақсы көреміз. Барынша ат салысуға тырсамыз. Балалардың қуанышты, алғысқа толы көздерін көру-үлкен бақыт қой!", деп жылы лебіздерін білдірді. Кішкентай бал…

1
0
1077

Тегін концерт көремін деп аяқ астында қалған көрермендер

"Астана Арена" алаңында өткен концертте қатты қыспақтың салдарынан 15-тен аса адам жарақаттанды. Отандық және шет ел өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен тегін концертке адамдар басталуына бірнеше сағат бұрын келіп, бір-біріне үлкен кедергі келтіру салдарынан қыспақ басталған", деп хабарлайды Today.kz. Бірнеше зардап шеккен адамдар "жедел жәрдем" көлігіне естерінен танған күйі жеткізілді. Оларға бірден бірінші көмек көрсетілді. Құқық қорғау орган қызметкерлерінің "сабырлық сақтаңыздар!" деген өтініштеріне халық құлақ аспады. Зардап шеккен адамдардың бірі: "Басында бәрі жақсы болған. Уақыт өте келе қатты қысылысып бара жатқанымызды сезіндім. Адамдар бір-бірін итеріп, айқайлай бастады. Мен басымды қатты ұрып алдым, аяғымды да жарақаттап алдым. Қазір өзімді жаман сезініп тұрмын". Дәрігерлерді…

1
1
655

Ашық аспан аясында өткен концерт мыңнан аса адам жинады

"Маусымның бірінші жұлдызында, "Астана Арена" алаңында аты шулы "Open Air" концерті өтті. Кеште Отандық және Ресейлік атақты әншілер танымал туындыларымен Астана жастарын қуантып қайтты", деп хабарлайды Today.kz. Суық ауа-райына қарамастан халық сағат 20.00-де басталатын шараға бірнеше сағат бұрын келіп, сахна алдынан орын алуға кіріскен. Концертті бірінші болып ашу міндеті "Алау" тобына тиіпті. "Концерттің дәл бүгін өтіп жатқаны өте қуантады. Себебі бұл күн тек Жаздың бірінші күні ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күні болып саналады ғой. Балаларды әр қашан өз қамқорлығымызда ұстап, жақсы азамат болып өсуге тәрбиелеуіміз керек",-деп өз ойларымен бөлісті. Ресейлік Потап пен Настья да суық алаңды өз әндерімен жылытып жіберді. Қазақстанның жиі келіп тұратын қонақтары фес…

1
0
1397

Мүгедек болса да өнерімен Білім және Ғылым министрін тәнті қылған балалардың концерті өтті

1−маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «ВІ−Жұлдызай 2016» қайырымдылық фестивалі мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер көрсетуімен гала−концерт өткізді. ХІ Республикалық балалар шығармашылық фестиваліне «Кешью», Жанар Дугалова, Маржан Арапбаева, Диана Шарапова мен Ардақ Алекешев сынды өнер жұлдыздары шақырылды. Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев те фестивальге өз үлесін қосқанын айтты: «Осындай балалардың дарындарын ашатын, білімдерін арттыратын шараларды көптеп өткізуге тырысамыз. Болашақта ел мақтанатын үлкен азамат болсын дейміз». Балалар өз өнерлерін эстрада жұлдыздарымен бірге көрсетті. Есту қабілеті бұзылған Дана Нұрболатпен ән салған Жанар Дугалова: «Бұрын да Дананың менің әнімді ыммен айтқанын көрген болатынмын. Жүрегімді елжіретіп жіберді. Балалардың барлығы да өте дарынд…

1
0
755

Мүмкіндігі шектеулі балалар гала-концертке шақырады!

23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліна мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып өз бақтарын сынап көрді. Байқау жеңімпаздарына қымбат сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Қазақстанның әр жерінен келген қатысушылар өздерін жан-жақты қырларынан көрсетті. Мүгедек балалардың жұлдызды сәттерінің жануына себепкер болған «ВІ-Жұлдызай» қорының директор орынбасары Танирберген Алтынай: «Осы фестивальдің арқасында былтыр 120 мүмкіндігі шектеулі балаларға операция жасалды, 1500 балаға оңалту шаралары жүргізліді. Жыл сайын шетелден дәрігерлер шақырылып балаларға денсаулықтарына байланысты кеңестер өткіземіз». Бурабай демалыс орнында өткізген 7 кундерін балалар байқаудың екінші іріктеу турына дайындықпен өткізді. Оралдан келген егіздер Аяжан мен Айман Калгалиевалар: «Үйімізден Бурабайға д…

0
0
2592

Атақты «Келін» телехикаясында Ананди рөлін сомдаған актрисаның өліміне қатысты іс жалғасын табуда

Телехикаялар жұлдызына айналған Пратюша Банерджидің отбасы мен достары қыздың өлімініе кінәлі адамды жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Қазір, Пратюшаның анасы Тергеу Орталық Бюросы арқылы қызының қайтыс болу себептерін іздеп зерттеу жүргізуде. Сома Банерджи жұма күні change.org платформасында онлайн− петицияны іске қосты. "Жиырма бес жастағы Пратюша Банерджи Сәуірдің 1−ші жұлдызында Мумбай қаласында өз өзіне қол жұмсаған. Тез арада ауруханаға жеткізілгенімен қызды ажал алдынан құтқару мүмкін болмады", деп хабарлайды Today.kz. Сома онлайн−петициялар жеткілікті жиналған соң оны премьер−министр Нарендра Моди мен Ішкі істер министрі Раджнатх Сингхка өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай Пратюшаның әкесі: «Иә, біз онлайн−петицияны қызымыздың өлімінен кейін әділдік орнату мақсатында іске…

1
0
2410

Екі жасар Эллина Кульдинаның денесі жансыз күйінде табылды

"Нұра өзенінің бойынан 10 мамырдан бастап жүзден аса адам іздеуге кіріскен екі жасар Эллина Кульдинаның денесі табылды", деп хабарлайды Today.kz. 10 мамырда Эллина Кульдинаның жоғалғаны жайында ақпарат түсті. Бұл жайтты естіген адамдар бірден ғаламтор желілерін дүр сілкіндірді. Көмекке құтқарушылар, сүңгуіршілер, полиция және жүзден аса волонтерлар келді. Бір жарым аптаға созылған бұл іздеу жұмыстары мамырдың 21-ші жұлдызында тоқтады. Қыздың денесін жергілікті балықшы өзен бойынан тапқан. Эллинаға арнап кішігірім болса да қоштасу рәсімін жасауға отыз шақты азамат ат салысты. Өзен бойына шырақ жағып, гүлдерді суға жібергендер сәбимен қимастықпен қоштасты. Қолға түскен қосымша ақпараттарға қарағанда, сәбидің жерлеу рәсімі 23-ші мамырда Астана қаласында өтті. Эллинаның жақындары қызды іздеуг…

0
0
573

Тұғыры биік Қазағым!

Әрбір елдің дастанында оның жаңа тарихының бастауы болған маңызды сәттер болады. Біз үшін жаңа дәуірдің таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні көк аспанға «Қазақстан Республикасы» деген жаңа жұлдыз жарқырай шықты. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіз елдердің қатарына қосылғанына 25 жыл толып отыр. Азаттық елдің атқан әр таңында жеткен жетістіктері Республиканың қадамдап алға жылжуына үлкен септігін тигізді. Еліміздің өткен әр қаржылай дағдарысы, Елбасы орнатқан әр стратегиялық бағдарламалар, бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуына жол ашты. 2016 жыл-25 жылдық азаттықтың қорытындысын шығаратын, өткенге есеп беретін уақыт. Әр жылдың бізге әсерін тигізбей кеткені болмады. Мысалға, еліміздің БҰҰ-ның толық құқылы белсенді…

0
0
1026

Қазақстан Туы Геннадий Головкиннің аяғының астында жатуы керек пе?

Геннадий Головкин жақында "Jordan Brand" спорт атрибутымен серіптес болғаннан кейін, бренд атынан оған кішігірім сыйлық жасалды. Нақтырақ айтқанда табанында Қазақ елінің Туы бейнеленген кроссовки. 23 сәуір американдық Доминик Уэйдпен болатын сайысқа дайындық барысында табысталған сыйын көріп Геннадий өз қуанышын жасырмады. Енді менің жаныма батып бара жатқаны біздің Тудың аяқ киімге бейнеленуі. Қазақстан Республикасының Туы біреудің табанында жүргені дұрыс па? Елге, жерге деген құрметтің осындай болғаны ма? Ей, айналайын-ау ТУ деген халықтың даңқын, асқақ абыройын көрсететін "куәлік" емес па? Ол аспанда қалқып жүруі керек қой. Өз басым брендтің сыйлығын кимек түгілі қабылдамайтын да едім. Жоқ, мен Геннадий Головкинге қарсы шығып отырғаным жоқ. Ол кісіні өте қатты сыйлаймын, тіпті елімізді…

2
0
1340