Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстаннан 165 миллиард доллар заңсыз шығарылған – экономист

Шел елдерге Қазақстаннан шамамен 165 миллиард доллар көлеміндегі қаржы заңсыз кетіп қалған. Оның осы күнге дейін қайтарылғаны – 2 миллиард доллардан астам ғана.

Мұндай мәліметті Экономикалық саясат институтының директоры, Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қайырбек Арыстанбеков «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісіне берген шағын сұхбатында келтіріпті. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін қолға алынған маңызды шараның бірі заңсыз активтерді қайтару ісі екенін айтқан.

«Соңғы деректер бойынша, 1 триллион теңгеге жуық соманың мүліктері қайтарылды. Валюта бағамымен есептесек, соншалық көп емес — шамамен 2 миллиард доллардан астам актив қайтарылған. Макроэкономикада бухгалтерлік есепшот дейтін көрсеткіш бар, төлем теңгерімі дейді. Арнайы бухгалтерлік есепшотпен қараған кезде бізден шетелге шамамен 162-165 миллиард АҚШ доллары кетіп қалған. Сондықтан жаңағы 2 миллиард доллар деген — өте кішкене сома», — дейді сарапшы.

https://kaz.inform.kz/

0
0
198

Осы тақырып бойынша