Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

БАӘ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі

🇰🇿

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне БАӘ өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды.

Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
388

Осы тақырып бойынша

БАӘ-мен ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріледі - Yvision.kz