БАҚ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік материалдары үшін марапатталды
26 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік жарияланымдар конкурсына қатысқан журналистерді марапаттау рәсімі өтті. Байқауға ұсынылған жұмыстар арасынан ең мазмұнды және кәсіби материалдар іріктеліп, үздіктер анықталды.

Конкурстың басты мақсаты - халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша ақпараттануын арттыру.

Байқау материалдарын бағалау қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды бірауыздан анықтады. "Үздік интернет-жарияланым" номинациясы бойынша Харламова Анастасия Андреевна үздік деп танылды. "Үздік тележұмыс" номинациясында Мұхатай Ақжүніс Сабыржанқызы жеңімпаз атанды. Ал "Үздік баспа жарияланымы" номинациясы бойынша Құскенов Самрат Дулатұлының материалы үздік деп бағаланды.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдеріне конкурсқа белсенді қатысқаны және мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдағаны үшін алғыс айтылды.
