Мазмұнға өту
Обложка сообщества Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы дамуы: инвестициялар, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік жобалар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Ауыл шаруашылығы:

  • Майлы және жем-шөп дақылдарының егістік көлемі ұлғайған;
  • Тұқым жаңарту деңгейі 11,2 пайызға жеткен, су үнемдеу технологиялары белсендіенгізіліп жатыр;
  • «Кең Дала 2» бағдарламасы аясында шаруаларға 97 миллиард теңге бөлінген. Биыл мемлекеттік қолдау ауқымы былтырғымен салыстырғанда 24 пайызға артқан;
  • Солтүстік Қазақстан облысы елімізде сүт өндірісі бойынша алғашқы үштікке кіреді, соның ішінде сүт өндіру кешендерінің саны жағынан көш бастап тұр.

Инвестиция:

Облыста жалпы сомасы 893 миллиард теңгені құрайтын 52 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 7,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Тұрғын үй құрылысы:

  • Биыл 332 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда 5 көпқабатты үй тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы да 11 нысанның құрылысы аяқталады;
  • Әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар үшін биыл 258 пәтер сатып алынады.

Ұлттық жобалар:

  • «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 600 орындық жаңа заманауи мектеп салынды. Сонымен қатар 280 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде;
  • Денсаулық сақтау саласында ауылдық жердегі 46 медициналық нысан жаңғыртылды. Өңірге медицина мамандарын тарту мақсатында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.

Президент:

  • Жиын-терін науқанына дайындықтың, агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың маңызына назар аударды;
  • Петропавлдағы 2-ЖЭС-ті жөндеу және жылумен, энергиямен қамтамасыз ету желілерін реконструкциялау жұмыстарын жылдам аяқтау қажет екенін ескертті.

t.me/aqorda_resmi

Осы тақырып бойынша

Тоқаев бақылаған: Солтүстік Қазақстан облысы қалай өзгеруде? - Yvision.kz