Мазмұнға өту
Обложка сообщества Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданында «Nomads-AI» креативті орталығы ашылды

Есіл ауданында заманауи технологияларды, білім беруді және креативті индустрияларды біріктіретін «Nomads-AI» креативті орталығы өз жұмысын бастады. Жаңа орталық жастарға, IT-мамандарға және стартап-командаларға бағытталған.

Торжестволық ашылу рәсімі Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының басшысы Руслан Алишевтің және Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияровтың қатысуымен өтті. Бұл жоба өңір үшін маңызды екенін және оның инновацияларды дамытуға стратегиялық бағытталғанын айқындады.

Орталықтың концепциясы мен атауы оның философиясын көрсетеді. «Nomads-AI» еркін ойлауды, мобильділікті және дамуға деген тұрақты ұмтылысты білдіреді. Көшпенді бейнесі тарихи тамырларымызбен үндесіп, сонымен қатар білім алу мен жұмысқа қазіргі заманғы көзқарасты көрсетеді — икемді, пәнаралық және болашаққа бағытталған. AI (Artificial Intelligence) аббревиатурасы орталықтың жаңа технологияларға және жас ұрпақтың цифрлық құзыреттерін қалыптастыруға басымдық беретінін айқындайды.

Орталықта төрт негізгі алаң жұмыс істейді: коворкинг-кеңістік, робототехника мен 3D-жоспарлауды оқыту аймағы, жасанды интеллектті үйрену және стартап-жобаларды дамыту алаңы, сондай-ақ медиастудия.

«Nomads-AI» орталығының ерекше артықшылығы — кәсіби камерамен, микрофонмен, хромакеймен және софтбокспен жабдықталған медиастудия. Бұл фото-, видео- және цифрлық контентті, сондай-ақ оқу және презентациялық материалдарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнда кәсіби деңгейде мәтін жазуға және дыбыстық сүйемелдеу жасауға жағдай қарастырылған.

«Орталықтың тиімді жұмыс істеуі үшін 10 заманауи компьютер мен 7 ноутбук сатып алынып, жаңа жиһаз орнатылды. Бұл оқу мен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды. Алдағы уақытта осындай орталықтарды ауылдық округтерде де ашуды жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Есіл ауданының әкімі Мереке Мұхамедияров.

Орталық базасында оқыту бағдарламалары, мастер-класстар, хакатондар және стартап-интенсивтер өткізу жоспарлануда. «Nomads-AI» орталығының ашылуы Есіл ауданында инновациялық және креативті ортаны дамыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, таланттарды ашуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға жол ашады.

«Бүгін біз облыста цифрлық құзыреттер мен инновациялық жобаларды дамытуға арналған креативті орталықтарды ашып жатырмыз. Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, жасанды интеллект – елдің болашақтағы дамуының кілті. Дәл осындай бастамалар жастарға жаңа технологияларды меңгеруге және жаһандық әлемде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Сенімдімін, «Nomads-AI» бүкіл аудан үшін өсу нүктесіне айналып, жаңа буын мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті Руслан Қанатқанұлы.

Осы тақырып бойынша