СҚО-да бір отбасы тамақтан уланып, екі баласы қайтыс болды
Олар пицца, шұжық, тұшпара жеп, кола ішкен.

Фото: stan.kz
Сұмдық оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында болған. Бір үйдің 3 жасар ұлы мен 7 жасар қызы астан уланып көз жұмды. Отбасындағы тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.
Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Зардап шегушілер тұтынған ас-судың сынамасы алынып, зерттеуге жіберілген.
СҚО денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәліметі бойынша, зардап шеккендердің жағдайы ауыр.
«1996 жылғы анасы мен 2014 жылғы баласы қазір облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Отағасының айтуынша, олар тұшпара мен кока-коланы жергілікті дүкеннен алыпты», – дейді дәрігерлер.
Сондай-ақ олар пицца мен шұжық жеген.
