«Балық басынан шіриді», министр мырза!
Әлеуметтік желілердің бірі арқылы төменде көрсетілгендей суреттерді көріп қалдым. Масқара! "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Тілдерді дамыту және қоғамдық - саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" бұйрығының мәтінінен 50 ҚАТЕ шыққан.




Министр мырзалар бұйрыққа қол қоймас бұрын өздері бір қарап шығады ма екен? Мейлі, ережені министрдің өзі жазбады делік. Бірақ, осынша қатенің шығуы өте ұят нәрсе...Әлде министрліктің жанындағылар "Ғ", "Қ", "Ң" "Ө", "Ү" сынды төл әріптерімізді білмейді ме? "Үтір мен нүктені" ажырата алмайтын болғаны ма?
Бабаларымыз «Балық басынан шіриді» дегенді осындайда айтқан болар. Қазақ тілінің шашбауын көтеруші орган осылай жасаса, басқадан не үміт, не қайыр?
