Мазмұнға өту
nuri123

Нұрила Ермекбай

@nuri123

Сайтта 2016 ж. 31 наурызКазахстан, Алматы

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

30

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Білім мазмұнын жаңарту не үшін қажет?

Қазіргі таңда қоғам талқысына көп түсіп жүрген Білім және Ғылым министрлігінің енгізіп отырған реформалары Қазақстанның қарапайым азаматшасы ретінде мені де бейжай қалдырмады. БАҚ-та, министрліктің сайтында жарияланған барлық ақпараттарды оқып, зерттеп көрген едім. Қызықсаңыз, оқып көріңіз! Бүгінгі бала - ертеңгі маман, ертеңгі министр, ертеңгі президент! Ақпараттық технологиялар ғасырында бәсекеге қабілетті, ел экономикасына үлес қосып табысқа жетуі үшін, ол еңбек нарығында өзіндік орнын таба білуі тиіс. Қазіргі біздің мектептердегі білім беру жүйесі - барлық оқушыға бірдей бәсекеге қабілетті болатындай білім бере алмауда. Ал, әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, заман талаптарына сәйкес, күнделікті тұрмыстық проблемалардан да басқа істерге араласуы үшін оқушыларға классикалық білім беру…

0
2
1874

Тимур Сержанұлы: «Міндетті түрде әрбір тілді білсін, жетік меңгерсін, дегенмен қазақ тілін ұмытпасын!»

Танымал журналист, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «PR және маркетинг» бөлімінің директоры, «KT Group» ЖШС бас директоры, доцент Тимур Сержанұлы жастар арасында «Үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау мақсатымен Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы эстафета бастады. <strong><br /></strong> - Сәлеметсіз бе, Тимур Сержанұлы! Эстафетаны бастаудағы мақсатыңыз қандай? - Эстафета елге, соның ішінде жастарға «біліктілік пен білімдеріңізді жетілдіріңіздер, ары қарай өркендете беріңіздер» деген мақсатпен жасалынған дүние. Жастар арасында мейлінше көп тіл білуді насихаттауымыз керек. Абайдың «Бір тіл білсең - бір адамсың, екі тіл білсең - екі адамсың» деген сөзі бар. Тіл білген адам өлмейді. - Елбасының жолдауында көрсетілгендей «Мемлеке…

3
0
1771

Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой...

Иә, көп адам "Жерді сата беріңдер, жеріміз көп қой..." деп жүргенін өз құлағыммен естідім. Құдайым ау, бұл не масқара! Бүгін жеріңді сатсаң, ертең қатыныңды, содан соң бала шағаңды да сатасың ғой... Көпке топырақ шашудан аулақпын. Халыққа бәрібір сияқты, әсіресе, жастарға. Саясатта не болып жатыр, тіліміз не болып жатыр, еліміз не болып жатыр қызықтырмайды. ЖЕРІМІЗ САТЫЛЫП Я БОЛМАСА ЖАЛҒА БЕРІЛІП ЖАТСА ДА, ішкен жегеніне, кафеден кафе, түнгі клубтан түнгі клуб қыдырып, жеке бас амандығына риза болып жүре беретін болып кеткенбіз бе, қалай өзі... Жеке бастың мәселесі ешқашан бітпейді, бірақ, жерімізден айрылсақ, құлдық өмірдің көкесін көреміз. Кейбір ел сенген ағалар да бас көтере алмай тұр бұл мәселеге. Жерді жалға бердің не, саттың не? Екеуі бір дүние. Бүгін жалға алса, ертең төрімізде та…

1
0
762

Қоғамдық орында әйелге қол көтерген еркекті көрдіңіз бе?

Адам баласы болғаннан кейін күнделікті өмірде түрлі жағдайларға тап болып жатамыз. Әсіресе, қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде... Бүгін ер азаматтарымызға не болғанын түсіне алмадым. Әйел адамға көпшіліктің көзінше қол көтеру (ер адаммен төбелессе түсінуші едім) деген не масқара? Осыншамалықты қоғамымыз тәртіпсіз бе? Лық толы автобустың ішінде есік аузында қырық жастар шамасындағы ер адам мен елулерді еңсерген әйел адам тұрып қалыпты. Екеуі де ірілеу келген екен (қысылысқан соң, бір біріне қырғи қабақ болып тұр). Араларында не болғанын қайдам, әлгі ер адам әйелді түсіп бара жатып қатты итеріп жіберді. Оған ашуланған әйел еркекті өз иығымен итеріп қалғаны сол екен, жаңағы еркек сымағымыз әйел адамға жұдырығын ала жүгірмесі бар ма? Масқара, жағасына жармасып жұлқылап жатыр. Басқа жолау…

1
0
1361

3 жасар бала құрлы жоқпыз ау...

Әжесін полицейлерден қорғаған қытайлық батыл бала интернет қолданушыларының жүрегін жаулап алды деп жазады islam.kz.

Әйел көше бойында заңсыз саудамен айналысқан. Үш жасар бала темір құбырды ала жүгіріп, тәртіп сақшыларына қарсы шықты.

Көшедегі жабайы сауда-саттыққа қарсы күресумен айналысатын инспекторлар үш жасар баланың ашуға булығып, "Кетіңдер! Менің әжеме тиіспеңдер!" дегенін естіп, көңілдері босады.

Полицейлер баланы тыныштандырып, шеткері алып кетті. Бірақ бала олардың "құшағынан" сытылып шығып, әжесін "ренжіткендерге" жұдырық ала жүгірді.

1
0
633

Мейірімсіз өмір, мейіріміңді сағындым... (оқыңыздар)

М.Тазабековтың "Мейірімі жоқ адамнан маңырап жүрген мал жақсы, әдепсіз өскен баладан тәртіппен өскен тал жақсы" деген бір сөзі мені тұңғиық ойға батырып тастады. Расында да мейірімсіз, тасжүрек адамдар көбейіп барады. Қарапайым ғана мысал, күнделікті қоғамдық көліктерде жастар жағы қарияларға, балалы әйелдерге, аяғы ауыр келіншектерге орын беру дегенді ұмытып бара жатқаны. Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен жастарымыздың санасы уланып бара жатқан сияқты. Өзіңнен үлкен, қарттық жеңген адамдарды тұрғызып қойып, қалайша отыра беруге болатындығын түсіне алмадым мен. Әлде өзіміз қатарлы жастарымызға дұрыс тәрбие берілмей жатыр ма? Жастар жағы ойланайықшы, бәріміздің атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыздың бар екенін, ұлдар болашақ жарымыздың болатындығын, қыздар өзіміз де ана атанарымызд…

4
0
2589

Қазақ әншілері 10 жылда қалай өзгерді?

Қазақ әншілерінің 10 жыл ішінде қалай өзгергендігі Youtube-та "Prpject Kazakh Eli" каналында жарияланған. Бүгінде біз идеал санайтын еліміздің бетке ұстар өнер адамдарының кешегі қарапайымдылығы мен бүгінгі сұлулығын бірге тамашалайық!

2
0
534

«Әр қазақ — менің жалғызым» дейтін ел ағалары не қарап отыр?

Сегіз жыл бойы жындыханаға мәжбүрлеп жабылған Маржан Тұрлыбаеваны республикалық сот медицина сарапшылары тексеріп, дені сау деген тоқтамға келді. Қорытынды бойынша қоғамға қауіпті емес деп табылғанның Маржанның бүгінгі тағдыры қандай? Белгілі журналист Жанат Бақытқа жазған Маржанның жан айқайын назарларыңызға ұсынамын. . - Сәлеметсіздер ме! Мен - Маржан Тұрлыбаева, әлі Түркістандағы индомда сот шешімін күтіп жатырмын. Жақында Алматыда бір ай тексеруден өтіп келдім. Ол жақта әйтеуір "әділдік" бар екен, дәрігерлер "сен сияқты сап-сау қыз не істеп жүр мұнда?" деп таң қалды. Түгелдей тексеріп, көз жеткізу үшін қитұрқы сұрақтар қойып, әдейі ашуландыруға тырысты, бірақ берілмедім. Құдай оңдап, "жақсы шешім" шығарды. "Мінезінде тұрақсыздық бар" деп жазған да болар, мінезімнің аздап қызбалау екен…

3
0
996

Головкин Роналдуды құттықтады

Қазақстандық орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз твиттерінде Криштиану Роналдуды мадридтік «Реалдың» УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шығуымен құттықтады.


Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

«Жеңісіңмен құттықтаймын, Криштиану», - деп жазды әлеуметтік желіде қазақстандық.

Еске салсақ, мадридтіктер ширек финалдың жауапты ойынында (3:0) немістің «Вольфсбург» командасын жеңген болатын. Ал португалиялық хет-трек жасады.

3
0
513

Ораза кезінде пайдалы ас — талқан

«Талқан – көктеген және термоөңдеуден өт­кен бидай, қара бидай, сұлы және арпадан жа­салған өнім. Күш беретін құнарлы тағам әсі­ресе, балаларға, жүкті әйелдерге, қарттарға пайдалы. Поволжье, Орта Азия, Оңтүстік Сі­бір­­дің көшпелі халықтарының көне рецеп­тілері негізінде арнайы технологиямен әзір­ленген. Талқан – сіңімді әрі дәмді. «Ыстық су құй да, жей бер. Сүтке пісір де балаға бер». Талқан қуырылған бидайдан, арпадан жүгеріден ұнтақтап дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. Екі тәсілмен дайындағанда талқанның майдаланбай қалып қоятын түйіршіктері болады, оны «талқанның сағы» дейді. Талқанның сағын бөліп алу үшін жайпақ табаққа салып екшейді. Сонда сағы талқанның бетіне бөлініп шығады да, ұнтағы астында қалады. Бе…

6
1
8028