Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Бишімбаев қай түрмеде жазасын өтейді?

Фото: kaztag.kz

Әйелін өлтірді деген айыппен сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы тергеу қапасынан шығарылып, ең жоғары қауіпсіздіктегі мекемеге жөнелтілді. Бірақ оның нақты қай түрме екенін Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер (ҚАЖК) хабарлаған жоқ.

Десе де, жақында ҚАЖК төрағасы Теңізжан Жәнібеков Бишімбаев жазасын Ақмола облысында, елордаға жақын жерде өтейтінін айтқан еді. Журналистер бұл Аршалы кенті маңындағы түрме деп топшылап отыр. Өйткені Степногордағы ең жоғары қауіпсіздіктегі колониядан гөрі Астанаға жақынырағы сол.

Жәнібеков ол кезде экс-министрдің жазасын өтей жүріп немен айналысатынын да айтып берген болатын. Оның сөзінше, бұрынғы шенеунік ағаш және металл өңдеу бағытында жұмысқа орналаса алады.

«Бұл бос жұмыс орнының болуына байланысты ғой. Әр мекемеде еңбекпен қамтумен айналысатын бөлім бар», – деді ҚАЖК басшысы.

Естеріңізге салсақ, Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы азаптады және өлтірді деген айыппан биыл 13 мамырда 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал туысқан інісі, қанды оқиға болған Астанадағы "Гастро-орталық" директоры Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға сотталды.

26 маусымда бұл екеуіне қатысты апелляциялық сот отырысы өтіп, алдыңғы үкімдері өзгеріссіз қалдырылды.

0
0
331

Осы тақырып бойынша