Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

"Мен заңсыз сотталдым". Байжанов апелляциялық сотта өзінің кінәсі жоқ екенін айтты

Бүгін Қуандық Бишімбаевпен қатар оның қылмысын жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған Бақытжан Байжановқа да қатысты апелляциялық сот өткізіліп жатыр.

Ол сөзін тағы да қағазға қарап оқып берді. Байжанов өзінің кінәлі еместігін айтып, "әділ сотқа деген сенімін қайтарып беруге көмектесуді" сұрады.

Сотта оның жұбайы Айнұр да сөйледі. Ол кішкентай үш баланың әкесін ақтауды өтінді. Бұл отбасының ниесилері, ипотекасы бар екен. Балаларының біріне екі рет ота жасалыпты. Және отағасы олардың жалғыз асыраушысы болып тұр.

0
0
441

Осы тақырып бойынша