Мазмұнға өту
Обложка сообщества Қылмыс пен жаза

Түрмеде жүріп те терроризмді насихаттауды тоқтатпаған

Өткен айда лаңкестік сипаттағы қылмыс жасады деген айыппен еліміздің 3 азаматы бас бостандықтарынан айырылған. Бұл туралы бүгін ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: astanatv.kz


Сотталғандардың бірі - елорда тұрғыны тіпті терроризмді тергеу қапасында отырып та насихаттапты. Сөйтіп, 11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты камераластарына лаңкестік идеологиясын таратуға тырысқаны үшін оның жаза мерзіміне тағы 6 жылды қосып берді.

Ол содан төрт ай бұрын ғана 20 жылға сотталған екен. Бұған астаналықтың билікті басып алуға, лаңкестік топ құруға және оны басқаруға, лаңкестік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адам тартуға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілікті шақыруы себеп болған.

Сондай-ақ 3, 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты лаңкестікті насихаттау дерегі бойынша 2 жергілікті тұрғынды 7 жылдан бас бостандықтарынан айырды.

Олардың төңірегіндегілерге және мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны әшкереленген.

0
0
356

Осы тақырып бойынша

Түрмеде жүріп те терроризмді насихаттауды тоқтатпаған - Yvision.kz