Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Біз неге түс көреміз?

Түс көру-адам өміріндегі ең тылсым, сырға толы құбылыс. Қарап тұрсаң, адам жәй ғана ұйықтап жатқан секілді, алайда оның басында әр түрлі "қысқаметражды фильмдер" болып жатады.

Бұл құбылысты ғалымдар әлі күнге дейін толық зерттеп бола алмай жүр. Түс көру туралы көптеген сан түрлі теориялар бар. Мысалы, 20-шы ғасырдың ғалымдары түс көрудің себебін химиялық заттардан көреді. Олардың айтуынша күні бойы жиналған химиялық заттар түс көруге септігін тигізеді екен.

Соңғы теориялардың бірі түс адам миында "тазалау" жұмыстарын жүргізіп, мидағы керек емес ақпараттардан айырылады деп мәлімдейді.

Егер түсіңізде:

Биікке немесе тауға шықсаңыз, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

Жақсы көйлек кисеңіз - кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

Өзінің өліп қалғаныңызды көрсеңіз - онда өңіңізде ұзақ жасайсыз.

Кісі әйелдің қойнында жатса - онда өңінде оның дәулеті артады.

Басыңызға тәж кисеңіз - онда өңіңізде байлыққа ие боласыз.

Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау - бақытты болудың нышаны.

Жылаған болсаңыз – өңіңізде қуанады.

Аспанда тұрған айды көрсеңіз - өте жақсы белгі, мұратыңызға жетесіз.

Күнді көрсеңіз - мерейі өңіңізде дұшпандарынан үстем болып, дәулетіңіз тасиды.

Жұлдыздарды көрсеңіз - балаларыңыздың дәрежесі жоғары болады.

Өзен көрсеңіз - кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.

Баққа кіріп, оны аралау - жақсылықтың белгісі.

Қызыл гүл көрсеңіз - онда өңіңізде бай боласыз.

Бал арасын қуып жүрсеңіз - өңіңізде пайдаға жолығасыз.

 

Дереккөз: Massaget.kz

1
0
2713

Осы тақырып бойынша

Біз неге түс көреміз? - Yvision.kz