Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Депутаттармен тығыз жұмыс істеу керек

Олжас Бектенов Министрлер кабинетіне депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істеуді тапсырды 

➤ Мемлекет басшысының қайта өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірледі.

🔹 Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың мәлімдеуінше, қайта өңдеу кәсіпорындарын қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті несиелер беру, жаңа нарықтарды ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру көзделген.​

✔ Кешенді жоспар аясында жалпы сомасы 176,2 млрд теңгені құрайтын 58 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы бұл азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына жақсы серпін береді, сондай-ақ қайта өңделген өнімнің жалпы өндірісін 1,4 есе ұлғайтуға жол ашады.

«Кеше мен депутат Жигули Дайрабаевпен кездестім. Оның ауыл шаруашылығын дамыту, шекаралас елді мекендер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын кәсіпорындарды қолдау және басқа да бағыттар бойынша көптеген идеялары бар. Айдарбек Сейпілұлы, депутатпен кездесіп, бәрін егжей-тегжейлі талқылап, маған нақты ұсыныстар енгізіңіз. Жалпы, депутаттық корпуспен тығыз жұмыс жасау керек», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

https://t.me/KZgovernment

0
0
362

Осы тақырып бойынша

Депутаттармен тығыз жұмыс істеу керек - Yvision.kz