Мазмұнға өту
Обложка сообщества Шымкент жаңалықтары

Дерттің диагнозын жылдамырақ анықтайтын аппарат

Шымкентте алғаш рет озық үлгідегі зертханалық автоматты анализатор орнатылды.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасына қарасты Диагностикалық орталықта жаңа құрылғы іске қосылды. Медициналық мекемедегі зертханаға жоғары технологиялы заманауи биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер біріктірілген модульді Швейцарияда жасалған «cobas pro» Roche Diagnostics зертханалық автоматты анализаторы орнатылды.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Орнатылған жаңа қондырғы зертханалық зерттеулердің ең жоғары сапасын қамтамасыз етеді, бір сағат көлемінде 2 000 тест жүргізуге және нәтижесін 2 сағат көлемінде шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған анализатор Оңтүстік өңірдің мемлекеттік медициналық мекемелерінде алғаш рет Диагностикалық орталық зертханасында іске қосылып отыр.

Анализатордың жоғары өндірушілік қабілеті, қателіктерге жол бермейтін бағдарламасы, зерттеулердің жоғары деңгейдегі сапасын қамтамасыз етуі тұрғындарға сапалы зертханалық зерттеулерге қолжетімділігін арттырады.

Осындай жоғары технологиялы анализатордың жұмысымен танысу мақсатында Шымкенттегі медициналық ұйымдардағы зертхана мамандарынан бөлек, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарынан келген қызметкерлер шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Шымкент қалалық Диагностикалық орталығы 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығы ретінде қымбат медициналық техника мен жабдықтарды шоғырландыру және қарқынды пайдалану негізінде ересектер мен балаларға қолжетімді білікті консультациялық-диагностикалық көмекті қамтамасыз ету үшін құрылған.

Бұл мекеме 2006 жылдан бері сапа менеджменті жүйесінде жұмыс істейді. Мұнда жыл сайын "World Certification Services (WCS)" халықаралық сертификаттау органы сертификаттау аудитін жүргізеді. Ұлттық аккредиттеуге дайындық және ішкі клиникалық аудит қызметтерін күшейту жөніндегі іс-шараларға басымдық берілген.

Амбулаториялық жағдайда емдеу процесін сапа менеджменті жүйесі негізінде ұйымдастыру дұрыс диагноз қоюдың, терапияның тиімділігін арттырудың, сондай-ақ пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартудың кепілі болып саналады.

Зертханада пациенттерге зерттеулердің 300-ден астам түрін ұсынылып, сенімді нәтижелерге қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Пациенттерге консультациялық көмек мамандықтардың 20 түрі бойынша көрсетіледі: кардиология, гастроэнтерология, пульмонология, неврология, хирургия, проктология, урология - андрология, ревматология, оториноларингология, эндокринология, офтальмология, аллергология, маммология, онкология, реаниматология, гинекология-эндокринология, дерматология және басқалар.

0
0
176

Осы тақырып бойынша

Дерттің диагнозын жылдамырақ анықтайтын аппарат - Yvision.kz