Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Елді сумен қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе

Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарының қолжетімді болуы агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына тікелей ықпал ететін маңызды фактор екенін мәлімдеді.

Фото: egemen.kz-

Былтыр Жамбыл облысының диқандары су тапшылығынан қатты зардап шеккенін айтқан Президент биыл да құрғақшылық болуы мүмкін екенін ескертті. "Арнайы құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігінің жұмысы әзірге ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Ал, көрші мемлекеттер су тапшылығын жою үшін нақты мақсат қойып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Ал бізде болса, су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы тек жақында ғана қабылданды. Бұл құжат тым ұзақ талқыланды. Ашығын айту керек, жағдай өте күрделі. Мысалы, еліміздегі суармалы жердің 13 пайызында ғана су үнемдеу технологиясы бар", - деді Мемлекет басшысы.

"Судың да сұрауы бар" деген Тоқаев су үнемдеу технологиясын кең ауқымда енгізу қажеттігіне тоқталды.

"Шыны керек, біз суды тым орынсыз жұмсаймыз... Бүкіл ел болып суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Көрші мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тиімді тұстарын алу қажет. Елді сумен қамтамасыз ету – аса маңызды міндет, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге болады. Өнеркәсіпте, агросекторда, коммуналдық шаруашылықта, жалпы, барлық салада суды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше мән беру қажет", - деді Президент.

0
0
214

Осы тақырып бойынша

Елді сумен қамтамасыз ету – ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе - Yvision.kz