Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Еліміздегі үш өзенге су электр станциялары салынатын болды

Елімізді энергетика жағынан сырт елдерге тәуелсіз ету мәселесі биік мінберлерден жиі айтылып келеді. Ал үкімет соны орындау жағын мықтап қолға алып жатқанға ұқсайды.

Сөйтіп, Іле, Ертіс, Шелек өзендерінде су электр станциялары салынбақ. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов хабарлады.

«Самұрық-Энерго жобаларының портфелінде қазіргі кезде бірнеше су электр станциясын салу бойынша инвестициялық жобалар пысықталуда. Оның ішінде Іле өзенінде қуаттылығы 50 МВт Кербұлақ ГЭС-і, Ертіс өзенінде қуаттылығы 300 МВт-ға дейін Семей ГЭС-і және Шелек өзенінде қуаттылығы 70 МВт ГЭС-29 бар. Осы жобалар бойынша жобалау алды құжаттаманы әзірлеу, сондай-ақ құрылыс үшін жер учаскелерімен қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жүргізілуде», - деді Мақсұтов.

Оның айтуынша, Семей ГЭС жобасына қазіргі уақытта әлеуетті инвесторларды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Семей ГЭС-і бойынша Катардың Небрас Пауэр компаниясымен, Шелек өзеніндегі ГЭС бойынша қытайлық серіктес Пауэр Чайна компаниясымен ынтымақтастық қарастырылған.

«Ал Кербұлақ ГЭС-ін өз күшімізбен салуды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталған гидрожобаларды іске асыруды аяқтау 2027-2028 жылдарға болжанып отыр. Осы ГЭС салу жобаларын ойдағыдай іске асыру үшін Энергетика министрлігімен инвестицияларды қайтару механизмін айқындау жолында бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз», - деді «Самұрық-Энерго» басшысы.

0
0
250

Осы тақырып бойынша