Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Еліміздің батысында халықаралық әскери оқу-жаттығу басталды

Маңғыстау облысында бүгін басталған «Бірлестік-2024» аймақтық халықаралық оқу-жаттығуына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжанның әскерилері қатысуда.

Фото: gov.kz


Соғыс ойындары бес ел жауынгерлерінің қарулы қақтығысты оқшаулау бойынша бірлескен операция дайындап, соны жүргізуді пысықтауына арналмақ. Оларды «Оймаша» полигоны мен Тоқмақ мүйісінен екі шақырым жердегі теңіз аумағында өткізу жоспарланған.

«Оқу-жаттығуға 4 мыңға жуық әскери қызметші және 700-дей қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады. Тактикалық эпизодтар жердегі және әуедегі барлау топтарының, теңіз арнайы күштерінің, армиялық және майдандық авиация экипаждарының, әскери кемелер мен катерлердің, артиллериялық есептоптардың, шабуылдаушы және танк бөлімшелерінің қатысуымен өтеді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Осы оқу-жаттығу аясында мәдени-демалыс және спорттық іс-шараларды да ұйымдастыру көзделіп отыр. Яғни онда әскери-қолданбалы спорт түрлері, «Бағдар» тактикалық бағдарлау және әскери тактикалық атыстар бойынша сайыстар болады.

«Бірлестік-2024» 10 күн бойы өткізілмек. Ол 8-17 шілде аралығына жоспарланған.

Фото: gov.kz

0
0
519

Осы тақырып бойынша

Еліміздің батысында халықаралық әскери оқу-жаттығу басталды - Yvision.kz