Ерік күші қасиеті
Ерік күші адам бойына керек емес қасиет деп есептеген кездер бұрын болған. Қазірдің өзінде де кейбіреулер, ең бастысы – өзіңді, сезіміңді түсіну және солардың артынан ерген дұрыс деп айтады. Осы сынды ойлар бәлкім дұрыс болар, ал меніңше ерік – адамның бойында болуға тиіс және керек қасиет. Себебі, бізді шыңдайтын да, алға жетелейтін де осы қасиет.
Ерiк - бұл адамның мақсатты жұмыс орындау барысында кезiккен сыртқы жəне iшкi кедергiлердi жеңу арқылы өз қылық-əрекеттерiн қолдап, реттей бiлу қасиетi. Ерiк өмiрдiң ауыртпалық түскен жағдайларында белсендiлiк көтерiп, өзiн-өзi реттеудiң көзі. Түгелдей сана басқарымында болады. Адамның өз əрекет-қылығын реттестiре алу қабiлетiнiң негiзiнде жүйке жүйесiнiң өзара ықпалды қозу мен тежелу байланыстары жатыр. Осы принциптерге сай ерiк сананы өзiндiк басқарумен бiрге белсендiлiк арттыру немесе ынталандыру жəне реттеу қызметтерiн де атқарады.
Ерік қасиеті адам бойындағы батылдықты, еңбекқорлықты арттырады. Жалпы ерік қасиеті, ең алдымен ниет етіп тілеу арқылы, сосын мақсат қою нәтижесінде қалыптасады.
Бұл өмірде адамзаттың барлығы жақсы материалды жағдайға, жақсы жұмысқа және жақсы өмір сүруге талпынады. Осының барлығына қол жеткізу үшін белгілі бір маман иесі болып, жұмысты тиянақты да жақсы атқара білу керек. Ал, осы тұста біз қарапайым адамдарға ғана емес, кәсіби мамандарға да ерік қасиетінің керек екенін байқаймыз. Ерік қасиеттерінің дамуы - адам саналы түрде ұзақ уақыт бойы едәуір күш-жігерді талап ететін қиын міндеттерді қойып, барған сайын алыс мақсаттарға ұмтылғандығынан көрінеді.
Жоғары оқу орнына түсу тұлғаның үлкендер рөлін қабылдауымен байланыста болады. Тұлға қалыптасуының алғашқы кезеңі мектепке дейінгі жас. Тұлғаның əлеуметтену процесі адам өмірінің алғашқы сағаттарынан басталады. Бірақ алғашқы үш жыл өмірдің тарих алды, яғни оның дамуына қажетті жағдай туғызу кезеңі болып табылады. Элькониннің жіктемесі бойынша бұл нəрестелік кезең делінеді. Мектепке дейінгі кезең - алғашқы этикалық нормалар қабылданатын кезең. Баланың негізгі қызмет түрі рөлдік ойын. Осы кезеңде бала идентификация арқылы ережелерді, нормаларды, критерийлерді қабылдайды. Бұл процесс дəнекер үлкен адам арқылы жəне құрбысы арқылы жүзеге асады. Балалардың жүріс-тұрысына үлкен адамдар, олардың қимыл- қозғалысы, қарым-қатынасы үлгі болады. Жасөспірімдік кезең - бұл жастағы балалардың негізгі қызметі айналасына айрықша назар аудару. Сонымен қатар, бұл жаста араласудың ерекше нысаны – құштарлық қатынас пайда болады. Жасөспірімдік шақтың алғашқы кезеңінде құрбыларға деген бағдарда бұрылыс болады. Құрбылармен сөйлесу жəне мұндай қатынастардағы жақсылық жасөспірім үшін үлкен құндылық. Кольбергтің жіктемесі бойынша, бұл кездегі құндылықтың қалыптасуындағы негізгі рөл эмоцияға беріледі. Оның ойынша, дəл осы жасөспірімдік кезде эмоция дамуының психологиялық сатысы басталады. Жастық кезде тұлғаның негізгі компоненттері қалыптасады. Олар мінез, жалпы жəне арнайы қабілеттер. Тұлғаны қалыптастыратын қиын компоненттер үлкен өмір табалдырығын аттаудың алғышарттары болып табылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі, өзіндік рефлексияның күшеюі, яғни өзінің тұлғасын тану, өз қабілеттерін бағалау.
Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы мектеп оқып жүрген кезден бастау алып, жоғарғы оқу орнында жалғасын табады. Сол себепті де дұрыс «фундамент» қалыптасыру міндетті болып табылады. Жоғарғы оқу орындары, ол жақтағы білім мен мұғалімдер сапасы – кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуында маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
Сондықтан, кəсіпке бейімделудегі құндылықтың дарытылуын қамтамасыз ету мақсатында оқытушылардың біліктілігі мен тəжірибесіне зор мəн беру қажет.Кəсіпке дайындалу жүйесі адам өмірінде ұзақ жылдар қалыптасып, біртіндеп индивидтің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Индивидтің бойындағы кəсіпке дайындалу қандай деңгейде болса да, ол өзінің маңызы бойынша адамды сипаттап, əлеуметтік жағдайларда адам мінез-құлқын саналы түрде басқарып, реттеп отыратын əрекетте өзінің ерекше орнын көрсетеді. Осылайша, кəсіпке дайындық және ерік қасиетінің дамуы маманның мақсатына жетудегі барлық іс- əрекетін басқаруға əсер етіп отыратын ерекше сипатымен түсіндіріледі.
