Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады.

Ержан Сәденов:

елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді;

ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады:       – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген;       – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған;

құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы бөлімше құру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;

ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесін таныстырды. Киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылатынын жеткізді;

орта буынға жататын басшылық құрамды кезектен тыс аттестаттациядан өткізуге дайындық барысы жайында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi

0
0
234

Осы тақырып бойынша

Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа... - Yvision.kz