Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Көктемгі егіс кезінде дизель отыны қымбаттамайды - Энергетика министрі

Елімізде көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынының бағасы 20 өңірде де былтырғы деңгейде сақталады. Бұл туралы бүгінгі үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

undefined

Фото: inbusiness.kz

«Биыл 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан-30 маусым аралығында «2024 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына 340,3 (үш жүз қырықта үш) мың тонна дизель отынын жеткізу графигін» бекітті. 2023 жылдан баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда қосымша құн салығын қосқанда литріне 250 теңге және жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 (он бес) пайызға төмен», - деді Сәтқалиев.

Министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель саудасының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданғанын айтты.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Көктемгі егіс кезінде дизель отыны қымбаттамайды -... - Yvision.kz