Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаев ExxonMobil корпорациясының бас директорымен кездесті

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады

Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– ExxonMobil корпорациясының ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;

– аталған компанияны Қазақстанның энергетика секторындағы негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады;

– мұнай-газ саласындағы бірлескен қызмет аясында көмірсутегі өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды;

– еліміз корпорациямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге және өндірістің тиімділігін арттыруға мүдделі екенін айтты.

Даррен Вудс:

– Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
121

Осы тақырып бойынша

ExxonMobil Қазақстанда: Инвестициялар, серіктестік және энергетика даму жоспарлары - Yvision.kz