Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қазақстан Президенті Хорватия Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Загреб арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичтің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, хорват халқына құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi

Осы тақырып бойынша

Тоқаев Милановичке мерекемен құттықтау жолдады: екі ел арасындағы байланыс - Yvision.kz