Мазмұнға өту
Обложка сообщества Политика

"Кедергісіз келешек" жобасы

"AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында "Кедергісіз келешек" жобасы негізінде арнайы топ аудандағы мекеме ғимараттарына тексеру үшін рейдке шықты. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты, аудандық білім беру бөлімі және аудандық полиция бөлімдерін аралап, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, төрт санатқа сәйкестік бейімдеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берді. Тексеру мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға құқығын толықтай қамтамасыз ету арқылы, олардың өмір сүру сапасын көтеру, әлеуметтік нысандарға төрт бағыт бойынша жағдай жасау.Бұл алғашқы жүргізіп отырған тексеріс емес, алдағы уақытта тексеру жұмыстары жалғасын табатын болады.

0
0
203

Осы тақырып бойынша