Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек - Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендердің тыныс-тіршілігіне қажетті барлық жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету маңызды екенін айтты. Оның ойынша, бұл – Үкімет пен әкімдіктердің негізгі міндеттерінің бірі.


Алайда Президент жыл сайын жылыту маусымында сол баяғы проблемалардың қайталана беретініне тоқталды.
Тоқаев мемлекеттік органдардың қателіктер мен олқылықтардан сабақ алмайтынын айтты. Соның кесірінен осы сала қазіргі мүшкіл халге жетіп отыр. Алматыдағы екінші жылу электр орталығындағы бу-газ қондырғысының құрылысы созылып кеткен.
"Екібастұздағы бірінші ГРЭС-тің энергоблогын қалпына келтіре алмай жүргенімізге он жылдан асты (2012 жылдан бері). Сондай-ақ Екібастұздағы екінші ГРЭС-ті кеңейту және күрделі жөндеу жобасы уақтылы жүзеге асырылмай жатыр. Үкімет, ең алдымен, биыл апатты жағдайдағы 19 жылу орталығын жаңғырту жұмыстарын аяқтауға тиіс. Сонымен қатар қуаты 700 мегаваттан асатын қосымша қуат көзімен қамтамасыз ету керек. Белгіленген мерзімді шегеруге болмайды", - деді Мемлекет басшысы.
Жалпы, еліміз электр, жылу, су өндіру және жеткізу қуатының тапшылығын сезініп отырғаны жасырын емес.

"Балқаш жылу электр орталығы құрылысының аяқталмай қалуы, табиғи монополия субъектілерінің ашық жұмыс істемеуі, сондай-ақ тарифтердің өсімін қолдан тежеу – осының бәрі кезінде жіберілген қателіктердің салдары. Салаға түбегейлі реформа жүргізген жөн. Ол үшін жүйелі жұмыс атқару қажет", - деді Тоқаев.

0
0
161

Осы тақырып бойынша

Коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту жұмыстарын жеделдету керек - Тоқаев - Yvision.kz