Ұлыбританияға Стандарт Визитор Визаны Қазақстаннан алу бойынша құжаттар тізімі
Алғашқы бетте Ұлыбритания Үкіметінің вебсайтында Виза және иммиграция бөлімімен (https://www.gov.uk/browse/visas-immigration) танысуды бастаған жөн, себебі сол жерде барлық ақпарат көрсетілген. Мысалы: Стандарт Визитор (Келуші) Виза ең кемінде алты айлық мерзімге беріледі. Екі жылға және бес жылға дәл осы визаны алуға болады, бірақ бір келгенде Ұлыбританияда алты ай қалуға ғана рұқсат бар, алты айдан соң қайтып, қайтадан Ұлыбританияға келуге болады. Келесі ескертіле кететін жайт, сіз бұл елге бір апта, екі апта не бір ай мерзімге баруға жоспарласаңызда, сізге алты айлық виза беріледі.
Виза офицері берілген сұрақтарға жауап іздейді?
Саяхат мақсаты, жоспарлаған саяхатқа қаражаты жеткілікті ме, шынымен барлығы өзінің қаражаты ма, қай жерде орналасады, саяхат аяқталған соң Ұлыбританиядан қайта ма, не үшін қайтады, алдыңғы саяхаттарында құқық бұзушылықтар болды ма, туысқандық байланыстары рас па және т.б. кіші сұрақтарға сіздің өтініш пен құжаттардан жауап іздейді.
Құжаттар тізімі
Өтініш формасы, толтыруға 20-30 минуттай уақыт кетеді. Онда өтініш берушінің толық ақпараты, визаны алу мақсаты, жұмыс орны, жалақысы, жеке меншіктері, Ұлыбританияның қай қаласына, қайда орналасасыз, шет елдерде болу тарихы және т.б. сұрақтар бар. Өтініш формасындағы ақпараттар мен ұсынылып отырған құжаттардағы ақпараттар сәйкес болуы керек.
Паспорт, қолдану мерзімі саяхатқа бару мерзімінен аспайтын паспорт керек.
Жұмыс орнынан анықтама (қазақ және ағылшын тілінде), бұл құжатта сіздің осы жерде қанша уақыт істеп жатқаныңыз, қанша уақыт, қандай лауазымда, қандай жалақы алатыныңыз көрсетілуі тиіс. Егер болашақ саяхатыңызға қарай, демалыс алатын болсаңыз, солда осы анықтамада жазылып кеткен жөн. Анықтаманы аударма бюросында ағылшын тіліне аударылып, бюроның мөрі, ақпараттары жазылған күйіне дайындайсыз.
Жылжымайтын мүлік иелілігі туралы анықтама (қазақ және ағылшын тілінде), e-gov сайтынан не ХҚКО осы анықтаманы алуға болады.
Банктегі салымы анықтамасы (ағылшын тілінде), банктен ағылшын тілінде анықтаманы сұрауға болады. Бір аптаға баруға жоспарласаңыз, күніне 100-150 доллар кетеді деп жоспарлап, бір аптаға 1000 доллар кетеді деп жоспарласақ, сіздің банктік салымыңызда одан екі есе көп қаражат болуы керек, яғни 2000 доллар.
Еңбекақы карточкасынан үзінді (ағылшын тілінде), соңғы алты айдағы еңбекақы түсулері және т.б. пайданың түсуі жайлы ақпарат береді.
Неке қию туралы куәлік немесе туу туралы куәлік(сканерлік копиясы және аудармасы), сізді өзіңіздің еліңізбен не байланыстырып тұр соны көрсету үшін керек, яғни отбасыңыз.
Егер де сіз біреуді көру, кездесу үшін барып жатсаңыз міндетті түрде сол адамнан шақыру қағазы және т.б. керек.
Шақыру қағазы (ағылшын тілінде), егер де Ұлыбританиядағы отбасыңызды, туысыңызды не досыңызды көруге барайын деп жатсаңыз керек. Бұл құжатты сізге Ұлыбританиядағы адам жазып жіберуі тиіс. Бұл жерде осы шақырудың мақсаты, мерзімі және т.б. туралы жазуы тиіс. Егер сол адамның үйінде қалатын болсаңыз, шақырушыдан үй құжаттары немесе жалға алу бойынша құжаттар сізге жіберілуі керек, себебі сіз оны өзіңіздің өтінішіңызбен тапсырасыз. Егер сол адам сіздің саяхатыңыз үшін төлейтін болса, дәл солай банктен керекті қаражаты бар екендігін дәлелдейтін анықтамасын сізге жіберу керек.
Шақырып жатқан адамның статусы, сол адамның паспорты, BRP құжаты, сізбен байланысының дәлелі (неке куәлігі, туу туралы куәліктер), студент болса, университетінен құжаты және т.б. құжаттар керек болуы мүмкін. Егер шақырушы жалдамалы үйде тұрса, үй иесінен қонақтардың келуіне қарсы еместігін білдіретін хат болған жөн.
