Мазмұнға өту
Обложка сообщества Путешествия

Қорғалжын - хандар мекені

Қорғалжын - хандар мекені!

Осы уақытқа дейін бас қалада тұрсам да Қорғалжын туралы көп білмейді екенмін.

Бірақ, астанамыздан 130 шақырымдағы Қорғалжын кентінің пайда болуын Кеңес кезеңіне жатады десек те, мен сияқты тарихтан хабары бар адамдар біраз жайтты бағамдайды!

Бірінші, кентке кіре берістегі трассадан 1-2 шақырым қашықтықтағы Бытығай кешені. Оны көрген кезде менде екі ассоциация болды. Ол - кешен ғана емес, қала жұртының орны екенін анық сездім және Түркістан облысындағы Созақ кентіндегі Созақ қаласының орнын еске түсіреді екен. Созақ пен Бытығайдың тағдыры ұқсас па дедім, екеуі де әлі бағаланбай отыр, дегенмен, қазақ тарихында алатын орындары ерекше. Жалпы, біз Бытығай туралы айтқанда Бозоқ, Жұмай қала жұрттарымен шамалас, бір өңірде орналасқандығы туралы айтуымыз керек. Ал, нақты Бытығайға тоқталатын болсақ, оның 11-12 ғасырдан белгілі екенін көреміз. Кейінгі Алтын Орда, Қазақ хандығы дәуірінде Ұлы Жібек жолының Сарыарқа өтетін тармағының осы жер арқылы бұрылып, оның заманындағы ірі шаһардың бірі деп болжаймын. Кейбір деректерде қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібектің баласы Қасым ханның астанасы болған деген мәлімет бар. Шындығында, "Қасым ханның қасқа жолы" Нұра бойында дүниеге келді ме екен?

Дегенмен, тарихты қазбалай берсек, өңірдің хандар мекені деген менің байламыма Қорғалжын жеріндегі Тоқтамыс, Мамай, Керей, Абылай, Сұлтанкелді (Кенесарыға қатысты) жер-су (көл) атаулары себеп болып тұр.

Ал, сөзді фактімен дәлелдесек Жәнібек-Шалқар көлі тұсынан Жәнібек ханның қорымының табылуы көп жайтты аңғартатыны белгілі.

Оның үстіне, ұлт ұясы Ұлытау Қорғалжынға тиіп тұр, ал, 150 шақырым әріректе менің атамекенім Торғай жері орналасқан.

Құпиясын қойнына бүккен Қорғалжын жері осындай.

Суретте: Бытығай кешені және қала жұртының орны!

0
0
687

Осы тақырып бойынша