Мазмұнға өту
Обложка сообщества Путешествия

Сүю үшін көру керек !

Биылғы жылы Қазақстан  тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, бастамашы топ , отбасылық  жұп  Адлет Есекеев  пен Зарина Мухамедали «Арша »медиа бастауымен  ,«Хабар »агенттігі және  Қазақ  географиялық  қоғамының колдауымен  ұйымдастырылған «Экспедиция 25» атты  жоба жаз мезгілінде өзінің жұмысын бастады. 108 күн ішінде , Қазақ елінің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін,табыстарын,тарихын т.б, ұлан- байтақ жеріне саяхат жасап , қазақстандықтарға туған өлкесін кеңінен,жан-жақты,терең  таныстыру осы жобаның басты мақсаты. Жоба туралы теледидар мен баспасөз беттерінен естіген сәтте , қайтсем де мен осы экспедицияға қатысуым керек деп,анкета толтырып бағымды сынап көрдім . Республиканың түпкірінен жиналған белсенді жиһанкездерді қатаң сынақтан өткізіп, іріктеу арқылы таңдады.

1-ші кезеңге жинақталған экспедиция құрамы  Оңтүстік Қазақстанды аралауға сапарға шықты . Экспедиция 25-нің алғашқы құрамы өздерінің жұмыстарын  5 көлікпен сапарға шығудан бастайды. Қазақстанның  әр облысы мен аймағынан жиналған талантты  жастар , жоба барысында көптеген табиғаты көрікті жерлері мен туристік орындарды, тарихи орындар,мұражайлар,шипажайларды , завод-фабрикаларды аралап , еліміздің құрметті,іскер,беделді азаматтарымен  кездесіп , сол өлкенің  тыныс тіршілігімен танысып, жергілікті теледидарға эфир барысында сұхбат беріп, алған әсерлерімізбен бөлісті.2-ші кезеңде жиһанкездер Шығыс Қазақстанды аралады.

Мен өзімнің алдыма қойған мақсатыма тек 3-ші кезеңде қол жеткіздім ,яғни маған Солтүстік Қазақстан облысынан Қостанай қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан Ақтөбе қаласын аралау бұйырды.

24 қырқүйек күні , Астана қаласында 3-ші іссапарға қатысушы экспедиция мүшелері бас қосып «Экспедиция 25» жобасының қатысушыларымен тасныстым. Бізге бірыңғай форма беріп, сапар барасындағы ережелермен таныстырды. Алғашқы күні топпен суретке түстік.

25 қырқүйек

Сағат таңғы 6,18  біздің топ , *5 жатаханаға  тұрақтады.

Таң атысымен , «Сарыарқа» автопромына келдік .

Тустен кейін брифингке қатысып, жергілікті телеарнаға сұхбат бердік.

Кейіннен , музейге барып  Қостанай қаласының суретшілерімен  жолықтық.

26  қырқүйек

«Баян Сұлу»  шоколад фабрикасына жолымыз түсті.

27 қырқүйек

Қостанай қаласы

1 -2 қазан

Наурызым Қорығы

4-6 қазан

Ақтөбе қаласы

«Экспедиция-25» – саяхат пен тарихты біріктірген теңдессіз жоба. Көрермендер саяхатшылар жол тартқан аймақтардың біразымен таныс болуы мүмкін. Бірақ ондағы Сіз мән бермеген әрбір детальды жоба саяхатшылары назардан тыс қалдырмады. Сондықтан бұл бағдарлама кез келген жанның дүниетанымын кеңейтіп, білімін арттыруға қосар үлесі зор.

Туған жерге махабатымыз асқақтай берсін. Сенбі күні сағат 17,00 « Хабар » телеарнасынан «Экспедиция 25» жобасын бірге тамашалайық.

1
1
1344

Осы тақырып бойынша

Сүю үшін көру керек ! - Yvision.kz